Қазақстанға Германия президенті келді

Қазақстанға Германия президенті келді

Қазақстанға Германия президенті келді
ашық дереккөзі
ГФР Федеральдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің ұшағы Астана әуежайына қонды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. Құрметті қонақты елорда әуежайында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко күтіп алды. Айта кетейік, ГФР президенті өзінің ресми сапары аясында Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Германия жұмыс тобының 11-ші пленарлық отырысына қатысады. Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Германия жұмыс тобының форматы 2007 жылдан бері жұмыс істеуде. Топ аясында сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестиция, энергетика, білім беру, денсаулық сақтау және тағы басқа салаларда өзара ықпалдастық жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу жоспарланған.