Жеңген кім, жеңілген кім?

Жеңген кім, жеңілген кім?

Жеңген кім, жеңілген кім?
ашық дереккөзі
Таяуда Сирияда химиялық қару қолданысқа дайын екені жарияланды. Бұл ақпарат Ақ үйдің де құлағына шалынды. Ақ үй бірден ресми мәлімдеме жасап, қоқан-лоққы көрсетті. «Егер Башар Асад химиялық қаруды қолданса, жазасы ауыр болады» делінген. Негізі, еуропалық басылымдар бұл ешбір дәлелсіз айтылған дақпырт қана деп отыр. Сонымен қатар жуырда ДАИШ ұйымының құлағаны жарияланды. Ирак әскерилерінің мәліметінше, «Ислам мемлекеті» содырлары Мосул қаласындағы тарихи маңызға ие ан-Нури мешітін жарып жіберген. Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади "ан-Нури мешітінің жарылуы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының жеңілгендігінің белгісі" деп айтты.  ХІІ ғасырда салынған мешітте үш жыл бұрын «Ислам мемлекеті» өзінің халифат құратыны жайында мәлімдеме жасаған. Десе де ДАИШ лаңкестік ұйымы АҚШ әскери әуе күштерінен көріп отыр. Алты жылға созылған соғыстың бітер түрі жоқ. Иранның Қорғаныс министрі Хосейн Декхандың айтуынша Ирак, Сирия, Йемендегі саяси дағдарысты шешудің бір ғана жолы бар. Ол аталған мемлекет басшыларының ел ішінде ешқандай сыртқы күштердің қатысуынсыз келіссөз жүргізуі. Расында, мүддесі мүлде келіспейтін тараптардың аралуы елдегі жағдайды одан бетер ушықтырып отырғаны айқын. Бұл соғыстың бүгін немесе ертең бітеріне ешқандай кепілдік бере алмайды. Бұл соғыстың аяқталуы жайында Башар Асад сұхбаттарының бірінде былай деген болатын. «АҚШ соғыстың бітпеуін қалап отыр, тек Ресейдің араласуымен ғана лаңкестердің көзін жою іске асып келеді» деді. P.S. «Алты жылдан бері созылып келе жатқан соғыс биыл бітуі мүмкін. Бірақ соғыстың барысына алдын ала болжам жасауға болмайды. Кез келген уақытта жағдай өзгеріп сала беруі де ықтимал. Бірақ жыл басталғанда, біз келер күнге әркез үмітпен қараймыз» деген болатыын Башар Асад Phoenix телеарнасына берген сұхбатында. Олай болса, Астана процесі жемісін беріп, түрлі мақсат-мүдде көздеген тараптар Сириядағы соғыс өртін басады деп сенейік. Осы жылдар ішінде қазақ тапқан бейбіт тұрғындардың санында шек жоқ. Бірі белгілі болса, екіншісінің қайда қалғанын, тірі-өлігін ешкім білмейді. Осындайда Адам құқытарын қорғау жөніндегі комиссияның шарасыздығына қайран қаласың.