"Бұл - біздің соғыс емес"

"Бұл - біздің соғыс емес"

"Бұл - біздің соғыс емес"
ашық дереккөзі
Жақында Сирияға соғысқа аттанған қазақ қырғыз азаматтарының видеосы жарияланды. Мұнда жауған оқтың астында отырған жас жігіт анасына «бұл – біздің соғыс емес екен» деп кешірім сұрайды. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Сирияға кетіп қалғандарға қатысты адамдардың Сирияға кетуі тек діни наным-сенімдермен байланысты емес деді. «Бұл адамдар ислам құндылықтарын мүлде дұрыс түсінбейді. Біздің елде кез келген діннің сенушілеріне барлық жағдай жасалған. Ешкім ешкімді жәбір көрсетпейді. Дінге сенетін адамдардың құқықтары бар. Олар өздерінің әдебиетін оқи алады, әрине, егер ол еліміздің заңнамасына қайшы келмесе. Осылайша елден кетіп жатқан адамдар дін деген сөздің мағынасын бұрмалайды. Олар заңбұзушы болып саналады», - деді Ермекбаев. Ведомство басшысының айтуынша, заңнамада елден кетіп қалған және террористік ұйымдарға қатысып жүрген адамдардың соттың шешімімен азаматтығынан айырылатыны жайлы норма қарастырылған. «Осы кезде ғана елден кеткен адамдардың жолы жабылады. Сондықтан кез келген адам елден кетпей тұрып және террористік ұйымдарға кірмей тұрып өзін және отбасындағы басқа мүшелерді отанынан және азаматтығынан айыратынын ойлау керек. Сирияға кетіп жатқан адамдардың 90 пайызы өз істеріне өкініп жатады. Біреулері сонда қаза болып, отанына қайта алмаса, тағы біреулері жазадан қорқып, қайтып келе алмай отыр. Мұның барлығы Интернеттегі насихаттың салдарынан болып отыр. Сонда барып, халифатта өмір сүргісі келеді. Бірақ онда ешқандай халифат жоқ, онда зорлық пен ұрлық және сол сияқты қылмыстық әрекеттер болып жататын нағыз қылмыстық ұйымдар бар», - деді Ермекбаев. Бірақ Қазақстан биыл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес өкілі болғандықтан Астана келіссөздерін жүргізуі барысында соғыс кімдердің арасында болса да, тоқтатуды көздеп отыр.