Нұрлан Ноғаев аудан әкіміне қатаң сөгіс жариялады

Нұрлан Ноғаев аудан әкіміне қатаң сөгіс жариялады

Нұрлан Ноғаев аудан әкіміне қатаң сөгіс жариялады
ашық дереккөзі
Атырауда өртке қарсы қауіпсіздік мәселесі қозғалған селекторлық жиналыс барысында өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Қызылқоға ауданының әкімі Мақсот Мұқановқа қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі. «2017 жылы Атырау облысында 57 708 гектар жер өртенген, соның көп бөлігі - 44 мың гектары - Қызылқоға ауданында. Өрттің себебі аудандық әкімдіктердің өрт қаупі бар кезеңге дайындықсыз болуы, еріктілерді өртті сөндіру техникасына үйрету бойынша жұмыстар жүргізілмеген, сондай-ақ 24 ауылдық округте өрт сөндіру бекеттері жоқ», - деп хабарлады жиналыста ТЖ департаментінің басшысы Сағынбек Өмірзақов. Өңір басшысы әрбір әкімдіктің өрке қарсы қауіпсіздікті ұйымдастыруға жеке жауап беретінін атап өтті. «Облыста профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін, қажетті техника сатып алу үшін қаржы бар - ұсыныс жасаңыздар, жағдайдың қиындағанын күтпеңіздер. Болған жағдай барлық мемлекеттік органдардың келісімге келмегендігінің салдарынан орын алды», - деді Н.Ноғаев. Жиналыс соңында Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімі қатаң сөгіс алды.