Гамбургте "Үлкен жиырмалық" елдері басшыларының келіссөздері басталды

Гамбургте "Үлкен жиырмалық" елдері басшыларының келіссөздері басталды

Гамбургте "Үлкен жиырмалық" елдері басшыларының келіссөздері басталды
ашық дереккөзі

Гамбургте әлемнің жетекші елдері басшыларының АҚШ президенті Дональд Трамппен климаттың өзгеруі және сауда мәселелеріне қатысты маңызды келіссөздері басталды. Германиядағы "Үлкен жиырмалық" саммиті қарсаңында наразылық акциялары күшейді, деп хабарлады Рейтер. Гамбург портты қаласындағы кездесу жаһандық геосаяси жағдайдың өзгеруі кезінде өтіп жатыр. Трамптың "Бірінші кезекте - Америка" саясаты Еуропа мен Қытайды жақындастырды. ​Трамп жұма күні түстен кейін алғаш рет Владимир Путинмен кездеседі. Саммитте Трамп Қытай президенті Си Цзиньпинмен де жүздеседі, олар Солтүстік Корея мәселесін талқылауы мүмкін. Саммит қожайыны, Германия канцлері Ангела Меркель сауда, климат және миграция мәселелері бойынша ортақ шешім қабылданғанын қалайды. Трамп Ақ үйге келген соң, бұл мәселелер одан сайын күрделене түскен. Трамп пен Путиннің кездесуі климат жөніндегі талқылау бастала салысымен өтеді. Трамп климат жөніндегі келісімнен шыққысы келеді. Осының бәрі бұл мәселеде ортақ шешімнің қабылдануын қиындата түседі. Бейсенбі күні кешке Меркель Гамбург қонақ үйінде Трамппен кездесті. Одан соң Меркель АҚШ-тың сенімді әріптес еместігін айтып, Еуропаны өз тағдырын өз қолына алуға шақырды.