Алматыда 14 мемлекеттен келген студенттер конференцияда бас қосты

Алматыда 14 мемлекеттен келген студенттер конференцияда бас қосты

Алматыда 14 мемлекеттен келген студенттер конференцияда бас қосты
ашық дереккөзі

«Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі – Жаңа Жібек жолы» деп аталатын конференцияға Орталық Азия, Еуропа, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка сынды 14 елдің студенттері мен елшілік қызметкерлері қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен конференцияда Ауғанстандағы жағдай, халықаралық есірткі айналымы, сөз бостандығы, қоршаған ортаны қорғау сынды тақырыптарды талқыланды. Бұл конференцияның басты ерекшелгі - студенттер БҰҰ құрамына кіретін мемлекеттердің мүдесін қорғап, әлемдік мәселелер хақында өз ұсыныстарын, ой-пікірлерін ортаға салуында дейді қатысушылар. Конференция «Бас Ассамблея», «Қауіпсіздік Кеңес», «Адам құқығы», «БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесі» сынды бірнеше секциялар негізінде өткізілді.

«2015 жыл БҰҰ-ға 70 жыл толып отыр. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде БҰҰ моделіне қатысушылары бұл болашақ елшілер, ел беделін асқақтататын білімді де білікті азаматтар болатыны анық деген еді. Сондықтан бүгінгі конференцияның өскелең ұрпақ үшін маңызы зор деп білемін», - дейді Оңтүстік Африка республикасының Қазақстандағы өкілетті елшісі Шириф Сони. Сондай-ақ, ол БҰҰ-ның моделі жастардың саяси білімін жетілдіріп, болашақта дипломатиялық қарым-қатынастарды жүргізуге елеулі үлесін тигізетінін атап өтті.  Ал, «БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы» жобасының жетекшісі, Колумбия университетінің пофессоры Рафис Абазов бұл іс-шара арқылы өңірдің жас көшбасшылары өзара танысып, қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алатынын, бүкіл Орталық және Оңтүстік Азия университеттерінің студенттері өңірдегі жоғарғы білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін тигізетінін атап өтті.

 IMG_7153