Дүйсенбі, 20 Наурыз, 2023

Трамп Назарбаевты құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаевты Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп құттықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Трамп Америка халқы атынан Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің өткізілуімен құттықтады. АҚШ Президенті осы жаһандық шараның арқасында Қазақстаннан және дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келетін миллиондаған қонақтар адам қиялынан нәр алатын технологиялық инновация мен 115-тен астам ұлттық павильондарда көрініс тапқан тамаша әріптестік әлеміне куә болатынын айтқан. «Америка Құрама Штаттары Астанадағы «ЭКСПО-2017″ көрмесіне қатысып, Американың энергетика, ғылым және технология салаларындағы үздік жетістіктерін, сондай-ақ сан қырлы мәдениетімізді көрсетуді зор мәртебе санайды», – делінген хатта. Сондай-ақ, Трамп АҚШ павильоны өткен ширек ғасырда елдеріміз нығайта түскен стратегиялық серіктестіктің маңызды нышаны болып саналатынын және оның Құрама Штаттардың алдағы уақытта да өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен өсіп-өркендеуді қолдауға деген ниетін білдіретінін атап өтті. «Президент мырза, «ЭКСПО-2017″ көрмесі арқылы энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жаһандық диалогты одан әрі ілгерілетудегі Сіздің көзқарасыңыз бен көшбасшылығыңыз үшін Сізге және Қазақстанға ілтипатымды білдіремін. Өзара сыйластық пен ортақ мүддеге негізделген АҚШ-Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік одан әрі нығая түседі деп сенемін», – делінген хатта.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button