Депозит пен несие мөлшерлемесі өзгерді

Депозит пен несие мөлшерлемесі өзгерді

Депозит пен несие мөлшерлемесі өзгерді
ашық дереккөзі
Қазақстандық бірнеше банк несие мен депозиттің пайызын өзгертті. Оған таяудағы Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің 10,5 пайызға дейін төмендетілуі себеп болды деп жазды naryk.kz. Сонымен қатар, таяуда Ұлттық банк шетелдік валютадағы депозиттің ұсынылған мөлшерлемесі де 1,5 пайызға төмендетілген еді. Ал теңгедегі депозиттің пайыздық мөлшерлемесі 14 пайыз деңгейінде қалды. Қаржыгерлер бұл туралы пікір білдіре отырып, атлдағы уақытта несиенің пайызы азайып, теңгемен салынатын депозиттің көбейетінін болжайды. Қазіргі таңда депозиттің мөлшерлемесін бес банк төмендетті:
  • Халық банкі: — теңгемен 1%-ға, доллармен 0.5%-ға азайтты;
  • Цеснабанк: барлық валюта бойынша 0.3%-ға төмендетті;
  • ЦентрКредит банкі: барлық валюта бойынша 0.5%-ға азайтты;
  • ForteBank екінші ай қатарынан депозит пайызын азайтты;
  • Альфа-Банк теңгемен депозитті жылына 10 пайыз деп белгіледі.
Ұлттық банктің мәліметінше, қазір теңгедегі депозит ел бойынша орта есеппен 12 пайыз шамасында болса, шетел валютасында бұл көрсеткіш 2,2 пайыз шамасында. Ал несие пайызына келер болсақ, банктердің ұсынысы төмендегіше:
  • Сбербанк тұтыну несиесі пайызын 1 пайызға азайтып, 26 пайыз деп бекітті.
  • ЦентрКредит банкінде ипотека 0.5 %-ға арзандап, 14.5 % болса, тұтыну несиесі 16 %.
  • Еуразия банкі ипотека беруді тоқтатты.