Ашық аспан астында кітапхана жұмыс істеп тұр

Ашық аспан астында кітапхана жұмыс істеп тұр

Ашық аспан астында кітапхана жұмыс істеп тұр
ашық дереккөзі
Петропавлда жазғы оқу залы ашылды. Енді қала тұрғындары қалаған кітабын таза ауада тыныстап отырып оқи алады. Бұдан бөлек, оқырмандарға түрлі газет-журналдар ұсынылған деп хабарлайды Хабар24. Сонымен қатар «Мобильдік кітапхана» жобасы іске қосылды. Тұрғындар кейбір әдеби туындының электрондық нұсқасын ұялы телефондарына жүктей алады. Күніне мұнда 100-ден астам адам келеді. Оқу залында балаларға да көңіл бөлінген. «Бүлдіршіндер арнайы бұрышта ойын ойнап, теледидар тамашалай алады», – дейді қызметкерлер. Ал аспан астындағы кітапхана қыркүйек айына дейін жұмыс істейді. Қайыржан Мәлікова, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері: - Бізде сонымен қатар «Буккроссинг» жобасы қолға алынды. Яғни оқырмандарымыз өздерінің кітаптарын әкеліп, біздің осында алаңға қойылған кітаптардың ішінен ұнағанын орнына ауыстырып алуына болады.