Пентагон басшысы: Путин халықаралық тәртіпке қарсы шықты

Пентагон басшысы: Путин халықаралық тәртіпке қарсы шықты

Пентагон басшысы: Путин халықаралық тәртіпке қарсы шықты
ашық дереккөзі
АҚШ-тың қорғаныс министрі Джим Мэттис Ресей президенті Владимир Путинді әлемде орныққан бейбіт тәртіпке қарсы келді деп айыптады. 28 маусымда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропаны қалпына келтіруге арналған Маршалл жоспарының 70 жылдығына арнап сөйлеген сөзінде Мэттис "Путин өзінің елінен тыс аумаққа зиян келтірді. Бұл Ресейге үміт отын қайта жандандыруға не қауіпсіздікті қалпына келтіруге көмектеспейді" деп мәлімдеді. Мэттис Мәскеу мен Батыс арасындағы қарым-қатынастың нашарлап кеткені жөнінде айтып, Ресей "соғыстан кейінгі қауіпсіз және бейбіт тәртіпке қарсы шықты" деді. Ол Ресейдің 2014 жылы Украинаның Қырым түбегін басып алғанын және 2016 жылы АҚШ-тағы президент сайлауына араласқанын атап өтті.