Жұма, 31 Наурыз, 2023

Шіріген картоп екі адамды мерт қылды

Теміртауда жерқойманы тазалап жатқан жерінде ер адам мен әйел көз жұмды. Сондай-ақ, үш өрт сөндіруші уланып қалды. Ол жерде былтырғы жылғы шіріген картоп сақталған болып шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қайғылы оқиға қаланың 6-шы шағын ауданында болған.

«Ер адам мен әйел адам жерқойманы былтырғы жылғы картоптан тазалау үшін төменге түскен. Алайда олар қауіпсіздік шарасын сақтамаған, яғни қауіпсіздік маскасын тақпаған», – дейді Теміртау қаласы ТЖ басқармасының жетекшісі Арман Алпысбаев.

Бас құтқарушы картоп шіріген кезде одан көмірқышқыл газы бөлінетінін айтты.

Back to top button