Тегін дәрі-дәрмек мәселесі келер жылы шешімін табады

Тегін дәрі-дәрмек мәселесі келер жылы шешімін табады

Тегін дәрі-дәрмек мәселесі келер жылы шешімін табады
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі жергілікті жерлерде тегін дәрі-дәрмек түрлері науқастарға жетпей қалатындығын айтты, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Жергілікті жерлерде тегін дәрі-дәрмек түрлері көбіне науқастарға жетпей қалып жатады. Тұрғындармен есептік кездесуінде Денсаулық сақтау министрі осындай олқылықтардың бар екенін мойындады. «Бірақ бұл мәселе келер жылы шешімін табады» деп сендірді Елжан Біртанов. Министрдің айтуынша, елімізде 2 миллионнан астам адамға осындай көмек көрсетіледі. Ал дәрігердің рецептін алу үшін азаматтарға бұрынғыдай ұзын-сонар кезекті күтпесе болады. Тиісті қағаз қазір электронды жүйеде беріліп жатыр. Тегін дәрі-дәрмекке мұқтаж науқастардың да 88 пайызы осы жүйенің көмегіне жүгінеді екен. «Осы мәселені шешу үшін өздеріңізге мәлім жақында еліміздің мәжілісінде заң қабылданған. Сол заң жобасы бойынша келер жылдан бастап амбулаторлық дәрі-дәрмектің бәрін сатып алу міндеті Самұрық Қазына фармация компаниясына жолданады. Сонымен бұл біздің ойымызша бүкіл дәрі-дәрмекті уақытша алып жеткізуге мүмкіндік ашады. Екіншіден, бір жерден сатып алу процедурасы болғаннан кейін бағасын төмендетіп, экономияға жеткізіп, осы дәрі-дәрмектің санын көбейтуге мүмкіндік туады деп сенеміз», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.