Дамаск ДАИШ содырларынан азат етілді

Сирия әскері Дамаскінің бес ауданын «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымынан азат етті деп жазды Qazaqtimes.
Сирия әскері Дамаск қаласының оңтүстік-шығысындағы Бир Касеб, Хурбет Касеб,Тулюль ар-Раваби, Сарихи және Иринба аудандарын «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы иелігінен кері қайтарып алған.
РИА Новости ақпарат агенттігінің мәліметінше «Ислам мемлекеті» содырлары шегіну кезінде барлық қару-жарақ, оқдәрілерін тастап кетуге мәжбүр болған. Соңғы уақытта Сирия мен Ирак аумағындағы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы содырлары жиі жеңіліске ұшырап өз иелігіндегі жерлерден айырылып жатыр.