ЭКСПО кешеніне кіреберісте оқ салынған пакет табылды

ЭКСПО кешеніне кіреберісте оқ салынған пакет табылды

ЭКСПО кешеніне кіреберісте оқ салынған пакет табылды
ашық дереккөзі
ЭКСПО-ға кірер жердегі бақылау пункінде оқ салынған полиэтиленді пакет табылды, деп хабарлайды stan.kz.
Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер пакетті 20 маусым күні түнде тапқан. Сәлден соң бейнебақылау камерасының көмегімен күдіктінің кім екені анықталып, кейіннен қолға түсті. Ол 22 жастағы Қарағанды тұрғыны. Сараптамаға сәйкес, оқтар аңшылық қаруларға лайықталып зауыттан шығарылғаны анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Полицейлер көрме аумағында отты, газды суық қаруларды, өткір және улаушы заттарды, радиоактивті материалдарды, литтий, йонды аккумулятор секілді қауіпті заттарды әкелуге тыйым салынатынын ескертеді.