Брюссель вокзалында жарылыс болды

Брюссель вокзалында жарылыс болды

Брюссель вокзалында жарылыс болды
ашық дереккөзі
Бельгия астанасының вокзалында полиция жарылысқа ұқсайтын қатты дауысты тексеріп жатыр. Залдардың бірінде түсірілген суреттердің бірінде биіктігі екі метрден аспайтын өрт көзге шалынады, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі
Брюссель полициясы өкілінің мәлімдеуінше, әскери күзет осы оқиғадан соң бірден күдікті ер азаматқа оқ атқан, оның жанкешті белдігі бар болуы мүмкін делінеді. Оның өлі-тірісіне қатысты ресми мәлімет жоқ. CNN телеарнасы мен NBC News радиосы "күдіктінің көзі жойылды" деп хабарлады. Әскер және полиция бөлімдері "жағдайды бақылауында ұстап отыр".
 Соңғы жылдары Брюссельде бірнеше мәрте жарылыс болды. Журналистер Бельгия астанасын "Ислам мемлекетінің" еуропалық бөлімі деп те атайды. Қазақстан мен әлемнің көптеген елдерінде тыйым салынған бұл ұйым Париж бен Брюссельдегі жарылыстардың жауапкершілігін мойнына алған еді.