Теңге бағамы әлсіреп тұр

Теңге бағамы әлсіреп тұр

Теңге бағамы әлсіреп тұр
ашық дереккөзі
Теңге үшінші күн қатарынан әлсіреп жатыр. Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында долларына 318,92 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Осыған дейінгі 15 маусымның күндізгі сессиясында доллар құны 317,65 теңгеге тең еді. Осылайша, ұлттық валюта тағы 1,27 теңгеге әлсіреді. Таңғы сауданың бірінші келісімі 318,5 теңгемен өтті және осы минималдық құны болды, ал максималдық құны - 318,91 теңге. Сауданың жалпы көлемі 162 келісімде 62,05 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 319-319,3 аралығында. 16 маусымда Астана уақытымен 10.55-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 46,97 долларға тең болды.