Алматы - Бішкек тас жолындағы апаттан екі адам қаза тапты

Алматы - Бішкек тас жолындағы апаттан екі адам қаза тапты

Алматы - Бішкек тас жолындағы апаттан екі адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Алматы – Бішкек тасжолының 118-ші шақырымында болған жол апатынан екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық порталы. Ақпараттық порталдың хабарлауынша, бүгін түнде, сағат шамамен 1.30-да Mitsubishi Galant пен жүк тиелген көлік соғысты. Жеңіл көлік оның астына кіріп кеткен. Бетпе-бет соғысқаннан кейін Mitsubishi жолаушысы мен жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан. Жүк көлігінің жүргізушісі аман қалды. Кейін көліктер өртене бастаған. Өртті сөндіру мүмкін болмаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралған. "Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сот алды тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалған қылмыстық іс облыстық Анықтау басқармасының өндірісінде", – деді Алматы облыстық ІІД өкілдері.