"Ұлттық қордың ақшасын шашып жатырмыз"

"Ұлттық қордың ақшасын шашып жатырмыз"

"Ұлттық қордың ақшасын шашып жатырмыз"
ашық дереккөзі
ҚР Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершов Ұлттық қордың жағдайына назар салуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Біз Ұлттық қор қаржысын әлі шашып жатырмыз. Қазынаға басты түсім жасаушы ретінде отандық бизнестің дамуына қажетті деңгейде көңіл бөлініп жатқан жоқ... Бюджетті бізде мұнай қоры жоқ сияқты етіп жоспарлау керек", - дейді Сергей Ершов Сенат отырысында. "2016 жылы Ұлттық қордан трансферт көлемі 88 пайыз боды. Алайда Ұлттық қорға түсім жақсы емес. Әлем нарығындағы қиын жағдай, мұнай бағасының құлдырауынан Ұлттық қорға түсім 11 триллион теңгеге қысқарды немесе 2015 жылмен салыстырғанда 8 есеге", - деп мәліметтер келтірді сенатор. Сенатордың сөзінше, Ұлттық қорға қаржы түспеуінің бір себебі нәтижесіз жоспарлау. "Бюджеттік қаржының көп бөлігінің жұмсалмай қалуы шығынды дұрыс жоспарлау керектігін және бюджеттің жоспарлы орындалу көрсеткішін жауапты атқару қажеттігін көрсетеді", - деп аяқтады ол.