Бас прокуратура: Экономикалық қылмыстарды қозғау тәсілдері өзгерді

Бас прокуратура: Экономикалық қылмыстарды қозғау тәсілдері өзгерді

Бас прокуратура: Экономикалық қылмыстарды қозғау тәсілдері өзгерді
ашық дереккөзі
Елордада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасының IV съезi өтiп жатыр. Жиында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов қылмыстық процесте бизнестi қорғау саласындағы қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz. «Экономикалық қылмыстарды қозғаудың тәсiлдерi өзгердi. Олар тексеру актiлерi мен залал болған жағдайда ғана тiркелетiн болды. Соның нәтижесiнде экономикалық қылмыстар 4 есеге төмендедi. Қылмыстық кодекстiң экономикалық саладағы қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты баптарын гуманизациялауға байланысты, оның iшiнде (215 бап) жалған кәсiпкерлiктi декриминализациялауға қатысты жаңартулар жасалды. Сонымен қатар, ҚК-нiң 13 бабы бойынша жаза мөлшерi төмендетiлдi, 6-бабы бойынша тұлғаларды жауапкершiлiктен босату қарастырылды және ауыр санаттағы 3-бабы бойынша баламалы жаза ретiнде еселенген айыппұл салу көзделдi», - дедi Марат Ахметжанов. ҚР Бас прокурорының орынбасары жалған кәсiпкерлiктi декриминализациялау келеңсiз салдар тудырмайтынын атап өттi. Ол салық төлеуден жалтару бойынша қылмыстық жауапкершiлiктiң сақталғанын айтты. Барлық күш жөн-жосықсыз жұмыс жасайтындарға жұмылдырылмақ. Сөз соңында Ахметжанов бизнес өкiлдерiн көлеңкелi экономикаға төзбейтiн атмосфераға негiзделген әдiлеттi бәсекелестiк қалыптастыруға шақырды.