Аралдан жылына 8-8,5 мың тонна балық ауланады

Аралдан жылына 8-8,5 мың тонна балық ауланады

Аралдан жылына 8-8,5 мың тонна балық ауланады
ашық дереккөзі
1 шілдеде Сыр өңірінде балықшылар слеті өтеді. Балық шаруашылығы мамандарының тәжірибе алмасу алаңына айналған шара биыл үшінші рет ұйымдастырылмақ. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Шаменов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аймақта жылына 8-8,5 мың тоннаға дейін балық ауланып, оның көп бөлігі балық өңдеу зауыттарында өңделуде. Бұл балық өңдеу саласының қарқынды дамып, балық өнімдері экспортының көлемін арттыруға мүмкіндік берді. 2017 жылдың 1-тоқсанында экспортқа шығарылған балық өнімдерінің 65 пайызы Ресей Федерациясына, 35 пайызы (Польша -129,3 тонна, Дания-31,74 тонна, Әзірбайжан - 20,0 тонна алыс шетелдерге жөнелтілді. Бауыржан Шаменовтың айтуынша, 2017 жылы 4 каналды (Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы «Горсовет», «Дәулет-арық», Жалағаш ауданы Бұхарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс», Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі «Байсары» каналындары) тазалау, өздігінен аяқ су бармайтын елді мекендерге 8 дана насос қондырғыларын алып беру, Арал ауданындағы «Баян» және «Көкіш» каналдарын жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілетін болады. Соңғы 25 жылда Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 156 мың га сексеуіл егілді. Биыл Оңтүстік Корея Республикасы теңіздің ұлтанының 30 мың га жеріне фитоорманмелиорациялық жұмыстарын жүргізуге 1,5 млн АҚШ доллар көлемінде қаржы бөлуді жоспарлап отыр.