Ресми тіркелген такси көліктері автобус жолағымен жүре алады

Ресми тіркелген такси көліктері автобус жолағымен жүре алады

Ресми тіркелген такси көліктері автобус жолағымен жүре алады
ашық дереккөзі
Астана қаласында ресми тіркеуі бар такси көліктеріне автобусқа арналған бас лайн жолағымен жүруге рұқсат берілді, – деп хабарлайды Астана арнасы. Кеше елордада осыған орай салтанатты лента кесу шарасы  ұйымдастырылды. Қазіргі таңда Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасы 14 таксомоторлық компаниямен шарт жасасқан. Мұндай бастаманың қолға алынуы қызмет көрсету сапасын жақсарту және заңсыз тасымалды тыюды көздейді. «Осы заңды компаниялардың көліктері бас лайн жолағымен жүруге құқығы бар. Бізбен келісім жасағанда әрбір көліктің басына куәлік беріледі. Тізімге енгізіліп, көліктердің нөмірі Астана қаласының әкімшілік полиция басқармасына беріледі. Яғни оларда әрбір заңды таксидің нөмірі болады»,  – дейді«Астана LRT» ЖШС жолаушылар көлігі бөлімінің маманы Абдыхамит Тамабаев. Бас лайн жолағына шығып, құқық бұзушылық жасағандарға 5 АЕК мөлшерінде 11 345 теңге айыппұл салынады. Ресми өкілдердің айтуынша, Астанада қазір 3000 бейнебақылау камерасы орнатылып жатыр. Барлық құқық бұзушылықтар автоматты түрде тіркелетін көрінеді. «Бұл камералар көлік жылдамдығын асырған және бас лайн жолағы арқылы жүрген жеке көлік иелерінің құқық бұзушылығын тіркейді. Одан кейін Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік тәжірибесінің процессингтік орталығына әкімшілік айыппұл салуға жіберіледі. Жаңа камералар сапалы, әрі анық түсіреді. Инспекторлар да осы бағыттағы жұмыстарын жалғастыра бермек», – деп атап өтті Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Уваев.