Иран құрамасы Әлем чемпионатына жолдама алды

Иран құрамасы Әлем чемпионатына жолдама алды

Иран құрамасы Әлем чемпионатына жолдама алды
ашық дереккөзі
Иран құрамасы өз алаңында Өзбектсан құрамасын ұтты. Футболдан Иран құрамасы Азия конференциясының үшінші електеу сынында Өзбекстан құрамасын өз алаңдарында жеңіп, 2018 жылы Ресей жерінде өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты, деп жазады Vesti.kz порталы.  Тегеранда А тобы аясында өткен ойында алаң қожайындары 2:0 есебімен жеңіске жетті. Есепте кездесудің 23 минутында ресейдің "Ростов" клубының шабуылшысы Сердар Азмун ашса, 88 минутта Мехди Тареми ойынға нүкте қойды. Осылайша Иран құрамасы өз топтарында 20 ұпай жинап, көш бастап келеді. Бұл топта екінші орында Оңтүстік Корея құрамасы (13 ұпай) тұрса, үшінші орында Өзбекстан (12 ұпай) құрамасы жайғасқан. Ирандықтар бұл ойыннан кейін енді кемінде өз тобында екінші орыннан төмен түспейді. Сондықтан да бұл құрама әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алып отыр. Айта кетейік, Иран - Ресей жерінде өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі арқылы шығып отырған екінші құрама. Бұған дейін Бразилия бірінші болып жолдаманы еншілеген еді. Ал Ресей құрамасы болса турнирді ұйымдастырушы ретінде додаға тікелей қатысады. https://www.youtube.com/watch?v=gpz3XwoochU