Астанаға келген тағы бір турист таксистке алданып қалды

Астанаға келген тағы бір турист таксистке алданып қалды

Астанаға келген тағы бір турист таксистке алданып қалды
ашық дереккөзі
Астана қаласының полициясына Германия азаматынан арыз түсті. Шағымға сәйкес, оны әуежайдан қонақ үйге дейін апарғаны үшін 16 мың теңге алған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Тәртіп сақшылары шетелдік азаматты апарған такси жүргізушісін ұстады. Оның айтуынша, әуежайда туристпен бірге ер адам болды. Ол Сәтбаев көшесіндегі қонақ үйге дейін жетіп, сол жерде такси қызметі үшін 3000 теңгені төлеп кеткен. Ал шетелдік азамат "делдалдың" өзінен 16 мың теңгені сыпырып алғанын жеткізді. Қонақ үйде ол әуежайдан 4000 мың теңгеге келуге болатынын білгеннен кейін полицияға арыз түсірген. "Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әуежайда шетелдік азаматты таксиге жолықтырған ер адамның кім екені анықталып жатыр", - делінген баспасөз баянында. Айта кетейік, бұған дейін бір такси жүргізушісі Астанаға келген туристі қонақ үйге апарғаны үшін 40 мың теңге алған. Сол үшін жұмыстан қуылды. Артынан ол ақшаны шетелдік азаматқа қайтарып берді.