Иран Катарға азық-түлік жіберді

Иран Катарға азық-түлік жіберді

Иран Катарға азық-түлік жіберді
ашық дереккөзі
Иран азық-түлік тиелген 5 ұшақты Катарға жіберді. Әрқайсысында 90 тонна жүк бар. Бұл қайырымдылық көмек пе немесе сауда келісімі бойынша жасалып отырған қадам ба, ол жағы әзірге белгісіз. Ал ақпарат құралдары: «Иран аталмыш елге қажетінше азық-түлік жіберіп отырады» деп жазуда. Еске сала кетсек, 5 маусым күні Сауд Арабиясы, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері және Мысыр Катармен дипломатиялық қарым-қатынасын үзген еді. Олар бұл елге лаңкестікті қолдап, Таяу Шығыстағы жағдайды ушықтырып жүр деген айып таққан. Кейінірек оларға тағы да бірнеше ел қосылды. Осыған дейін құрлықтағы жалғыз шекаралас мемлекет Сауд Арабиясы арқылы тауарлардың 40%-ы жеткізіліп тұратын. 24.kz