Сенбі, 1 Сәуір, 2023

ЭКСПО көрмесін өткізуге 400 млрд теңге жұмсалды

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін салуға және түрлі шараларды өткізуге 400 миллиардқа жуық теңге немесе 1 миллиард 300 миллион доллар жұмсалған, – деп хабарлайды Nur.kz ақпараттық порталы

Ақпараттық порталдың хабарлауынша, бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеген.

«Халықаралық көрмені өткізуге қанша қаржы жұмсалғанын айтуға әлі ерте. Біз бұл санды міндетті түрде айтамыз. Бірақ осы уақытқа дейін «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге 400 миллиардқа жуық теңге жұмсалды. Бұған барлық атқарылған жұмыс кіреді. Егер мұны доллармен есептесек, 1 миллиард 300 миллион», – деді Ахметжан Есімов.

Естерiңiзге сала кетсек, «ЭКСПО» көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысуда. Көрме «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button