Арықта қаза тапқан қыз Алматыға бір апта бұрын қоныс аударған

Арықта қаза тапқан қыз Алматыға бір апта бұрын қоныс аударған

Арықта қаза тапқан қыз Алматыға бір апта бұрын қоныс аударған
ашық дереккөзі
Алматыдағы арыққа құлап, қаза болған бойжеткен қалаға бір апта бұрын ғана көшіп келіпті. Бұл туралы марқұмның туған әпкесі айтты, деп хабарлайды NUR.KZ. Сәуле бір апта бұрын ғана Астанадағы университетті тәмамдап, қолына диплом алыпты. Бойжеткеннің әпкесі Айнұрдың айтуынша, Сәуле салық мекемесінде еңбек тәжірибесінен өтіп жүрген. Бойжеткенге сол жерде жұмыс ұсынғанымен, ол Алматыда өз күшін сынап көргісі келген. Сәуле ірі компаниялардың біріне жұмысқа тұрып, өзінің еңбекқорлығымен көзге түсіп үлгереді. Алайда Алматыда жақындарын сағынған Сәуле отбасымен ақылдасып, оңтүстік астанаға қайтатын болып шешеді. Осылайша Алматыда бір-ақ апта тұрған бойжеткен оқыс жағдай болар алдында үйіне билет те алып үлгеріпті. Сол кеште Сәуле құрбысымен кафеде отырып, бірге түскен суреттерін отбасына жібереді. Айнұр БАҚ көздерінде тараған Сәуленің ішімдік ішкен достарымен бірге болғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартты. "Оның құрбысы жігіттер отырған көлікті тоқтатып, көмекке шақырған. Олар көмекке келген мүлде бейтаныс адамдар еді. Менің сіңлім үйге жаны жақын адам", - дейді Айнұр. Айнұр сіңлісінің сол кеште ішпегенін айтуда. Ал күзде бойжеткен тұрмысқа шығуды жоспарлап жүрген. Сәулені бүгін Жезқазғанда жер қойнына тапсырылмақ. Еске сала кетейік, 6 маусымнан 7 маусымға қараған түні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында қайғылы оқиға орны алды. Арықтан секіріп өтпек болған қыздың аяғы тайып кетіп, ағыны қатты су бойжеткенді арық құбырына ағызып әкеткен. Салдарынан 22 жастағы қыз көз жұмды.