Егін еккеннің еңбегі ақталады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 74 мыңнан астам халқы бар Арыс қаласында жұмыс сапарымен болып, жергілікті маңызы бар бірқатар нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Әкiм алдымен жылыжай өсіруді 2011 жылы 25 сотық жер телімінен бастаған жеке кәсіпкер Рахымжан Кенжебаевтың шаруашылығында болып, жылыжайды аралап көрді. Ондағы жұмыс барысымен таныстырған кәсіпорын төрағасы 2,5 гектар болатын жылыжай көлемін күз айында 5 гектарға дейін ұлғайтатынын айтты. Елімізді жыл он екі ай көкөніспен қамтамасыз ету көктемі ерте келетін, егіншілікке ауа райы қолайлы оңтүстіктің еншісінде екенін айтқан әкім шаруашылық иесінің бұл жоспарын қолдап, қуаттады. Сондай-ақ, әкім жеке кәсіп иелеріне мемлекеттен тиісті көмек пен қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Айта кетейік, өткен жылы жылыжайдан 50 тонна қызанақ, 25 тонна қияр жиналған болса, бүгінгі күнге дейін 2 гектар жерге егілген қызанақтан 85 тонна өнім жиналды. Ал мемлекеттен алған субсидия көлемі  2,6 млн теңгені құрайды. Алдағы уақытта жылыжайдың жалпы көлемiн 5 гектарға жеткiзу жоспарда бар. Мұнда қызанақтың «Атия» деп аталатын голландтық сорты егiлiптi. Әр гектарынан 80-90 тонна өнiм алынады. Қазiргi таңда шаруашылықта 25 адам жұмыс iстейді. Науқан кезiнде жұмысшылар саны қосымша 10-15 адамға көбейедi. Жиналған өнiмдi жергiлiктi сауда нүктелерiне өткiзумен қатар, Алматы қаласына да жiберуде. Кәсiпкер жылына 2 рет жылыжайдың әр гектарына мемлекеттен 1,5 млн теңге субсидия алып отыратынын жеткiздi. Өнiмнiң бастапқы бағасы – 250 теңге. Қыста және жазда 1 ай уақытша демалыстан өзге уақыттың бәрiнде де мұнда егу, күтiп-баптау, жиын-терiм жұмыстары қызып жатады.

Мұнан соң аймақ басшысы  жаңа технологияны ендіріп, 600 гектар жерді жаңбырлату әдісімен суғарып отырған «Жаңа Ақдала» Агрофирмасы» ЖШС-нің егістік алқабымен танысты. Жаңа технологияны таныстырған серіктестік басшысы  бұл  әдіс арқылы ағын суды үнемдеп қана қоймай, өнім көлемін де арттыруға болатынын жеткізді. Ақдала ауылдық округінде орналасқан серіктестік биыл өзіне қарасты егістік жерлерді игеру үшін Германияның BOUER компаниясынан шыққан жаңбырлатып суғару әдісін қолданып отыр. Оның әрқайсысы бір орында 60 гектар жерді суғаруға мүмкіндігі бар.  Шаруашылық құны 67 мың еуро тұратын құрылғының 7 данасын алып, іске қосқан. Жаңбырлатып суару әдісінің тиімділігі өте көп. Мәселен, ауқымды жерлерді суғаруға тиімді, екіншіден, су үнемделіп, жұмыс күші көп қажет етілмейді. Үшіншіден, бір мезгілде суғарылып, тегіс мол өнім алуға мүмкіндік туады.

Облыс әкiмi жеке кәсiпкер Бауыржан Сарбасовтың ұн диiрменiне де ат басын тiредi. Кәсiпкер өңiр басшысын түркиялық технологиямен жабдықталған кешеннiң жұмысымен таныстырды. Сондай-ақ, нысанды аралау барысында салаға қатысты мәселелер әңгiме өзегiне айналды. Бұрыннан жұмыс iстеп тұрған және жаңа ұн диiрменiнде тәулiгiне 200 тоннадан астам бидай тартылады. 10 адам осы кәсiпорында тұрақты жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақылары 50 мың теңге шамасында. Наубайханада күніне  3 мың дана бөлке нан пісіріп, оны өз дүкенінде арзан бағаға сатады. Ал қалада нан саудалайтын 2 дүкенi бар. Онда бiр бөлке нан 40 теңгеден сатылады. Кәсіпкердің ойынша, бұл облыс, тiптi республика бойынша ең төменгi баға. Ол осындай арзан бағадағы сауда нүктелерiн одан әрі көбейтпек ниетте екен.

Күнгейде қарбыз пісті

Оңтүстік Қазақстанда қарбыз пісті. Өңір шаруалары бүгіннің өзінде алғашқы өнім – 300 тонна қарбызды Ресей асырып үлгерді.

Мәселен, сарыағаштық шаруалар аудандағы қарбыз өсіретін Бозай, Жамбыл ауылдық округтеріндегі 720 гектар егістіктен 170 тонна ерте пісетін қарбыз жинап, көрші мемлекеттің Магнитогорск және Белорецк қалаларына жөнелтті. Жергілікті қожалық иелері қарбыздың келесі партиясын саудалауға дайындалып жүр. Таяуда 200 тонна қарбыз тағы да еліміздің солтүстік аймақтарына жол тартпақшы.

Жалпы, сарыағаштықтар бақшалықтан өткен жылы 105 мың тонна қауын-қарбыз жинаған болатын. Биылғы болжам 120 мың тоннаға жетеді дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары. Ал Сары­ағашта бақша өнімдері 4,5 мың гектар алқапқа егілсе, оның 3,5 мың гектарында қауын-қарбыз бапталуда. Оның ішінде 720 гектар танап ерте пісетін қарбыз түріне арналған.

Мақтааралдық қарбыз өсірушілер де көршілес аудандағы әріптестерінен қалысар емес. Онда 100 тонна қарбыз Ресейге экспортталып үлгерген. Аудандағы «Атамекен» ауылдық округінің диқандары қарбыздың әр келісін 150 теңгеден өткізіп жатыр. Ал биыл Мақтаарал ауданында 5700 гектарға қарбыз егілген.

Шардаралық шаруалардың да бақша өнімдері баршылық. Ондағы Жаушықұм ауылдық округінде қарбыз егумен шұғылданып жатқан диқандар алғашқы 30 тонна өнімді Ресейдің Якутия автономиялық республикасына сатылымға жөнелтті. 2 гектар алқапқа ерте пісетін қарбыз тұқымын отырғызған «Бағдат» шаруа қожалығының диқандары целулоид жамылғыны қос қаптама түрінде жауып шыққан екен. Бірінші болып егістік алқаптан өнім артқан қожалық төрағасы Б.Шыназбаев әр гектарынан кем дегенде 40 тоннадан қарбыз алудан үмітті.

Шардара ауданы бойынша жаушықұмдық шаруалар жамылғы астына өнім егуден алдыңғы орында тұр. Ауыл әкімі Серік Махамбетовтің мәліметінше, қазіргі таңда 3312 гектар аумаққа бақша дақылдары егілген. Мұның 100 пайызы жамылғы астына егіліп отыр. Көктем басталысымен қарбалас тірлікке көшетін диқандар қауымы жамылғы астына дақыл егудің шығыны әр гектарына 500 мың теңгені шамалайтынын айтады. Дегенмен, нарыққа ерте шығарып үлгерсе шыққан шығынның орны толады.

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 53,4 мың гектар жерге бақша дақылдары егілген. Оның 32 мың гектарында қауын дақылы өсіп жатса, 21 мың гектары қарбыз алқабы. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының болжамынша, 1 шілдеге қауын дақылы да пісіп, өңір нарқына жол тартпақ. Алдын ала есеп бойынша, биыл аймақ диқандары 1 млн тоннаға жуық қауын-қарбыз жинап, көл-көсір өнімге қарық болады.

Жаңғақ шаруашылығы жанданып келеді

Оңтүстік Қазақстан обылысы, Сарыағаш ауданы, Жемісті елді мекенінде «Оңтүстік Қазақстанда өнеркәсіптік жаңғақ шаруашылығының болашағы және даму жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға елімізден өзге Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан жаңғақ шаруашылығын зерттеп жүрген тәжірбиелі ғалымдар қатысты.

«Оңтүстік Қазақстан облысы грек жаңғағын және миндаль өсіру үшін қолайлы орын болып табылады. 2020 жылға дейін жаңғақ жеміс дақылдарын дамыту бағдарламасына сәйкес, облыста жаңғақ жеміс бауларының санын арттыру, жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Сол кезде өңірімізде  жаңғақты экспорттау мүмкіндігі пайда болады», – деді семинарды ашқан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асқар Қаныбеков.

Облыста жаңғақты дақылдар негізінен тұрғындардың жеке  шаруашылықтарында 300  гектар алқапта өсіріледі. Шетел нарығында жаңғақтың 1 келісі  10 долларға пара-пар. Яғни жемістің бұл түрін экспорттау ел диқандары үшін мол табыс алып келеді.  Ағымдағы жылы өңірде жаңғақ дақылын 400 гектарға отырғызу межеленіп отыр. Жаңғақ баулары  негізінен  Қазығұрт, Төлеби, Сарыағаш және Түлкібас аудандарында  егіледі.

Конференцияға қатысушылар алдымен «Сарыағаш  жер сыйы» шаруа қожалығын аралап,  жаңғақ көшеттерінің түрлерімен танысып, оны баптаудың айла-тәсілдері жайлы қажетті мағлұматтар алды. Ғалымдар әлемдегі жер көлемінің 7 пайызы ғана жаңғақ өсіруге жарамды екенін айтады. Қазақстан аймағында мұндай жерге тек оңтүстік өңірі кіреді. Еліміздегі жаңғақтың 85 пайызы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі. Соған байланысты Қазақстан грек жаңғағын өндірістік өсіруге және экспортқа шығаруға бағыт алды, алдағы 2-3 жылда елімізде жаңғақ бауларының көлемін 5 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.

Көршілес мемлекеттер арасында жаңғақ шаруашылығы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстанда жақсы дамыған. Конференцияға келген аталған елдердің ғалымдары  жаңғақ өсірудің  құпиялары мен технологияларын түсіндіріп, тәжірбиелерімен бөлісті. Шет елдік ғалымдардың айтуынша, Қазақстанда жаңғақ шаруашылығын дамытуға мол мүмкіндік бар. Тек оның тиімділігін шаруаларға кеңінен насихаттау қажет.

Қозапаядан – жиһаздық тақта

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы «Сапа Инвест Плюс» ЖШС-нің зауыты қозапаядан жиһаздық тақта дайындай бастады. Бүгінде 30 адам жұмыс істейтін зауыт өнімін Астана, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Тараз қалаларындағы ірі кәсіпорындар сатып алады.  Мақтааралдық өнімге Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Ресей мемлекеттері қызығушылық танытып отыр екен.

«Қозапаяның тоннасын 12 000 теңгеге сатып аламыз, бұл мақтааралдық шаруаларға да өз пайдасын тигізуде. 1 тонна қозапаядан 1 куб жиһаздық тақта шығады. 1 куб дегеніміз – 24 дана  тақта», – дейді зауыттың бас инженері Бақытбек Үсенұлы.

Зауыттың бірнеше тракторлары мен қозапаяны жинайтын техникалары да бар. Бұл шикізатты өздері де өндіре береді деген сөз. Сондықтан, шикізат мәселесі толықтай шешілген. Зауыттың жұмысшысы Құрманғазы Таңбергеновтің айтуынша, жұмысшылардың жалақысы 70 мың теңгеден кем емес.

«Күнделікті жұмысымыз жүйелі. Күніне 8 сағат еңбек етеміз.  Зауыттағы жұмыстың еш қиындығы жоқ», – дейді Құрманғазы Тәңірбергенов. Айта кетейік, жақында ғана Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриялық аймағында Қазақстандағы ерекше жобалардың бірі іске қосылды. Оңтүстік Кореяның технологиясымен жабдықталған «Мега Смарт» зауытының негізгі шикізаты – қозапая. Мақтааралдық «Сапа Инвест Плюс» қазіргі таңда осы зауытпен тығыз байланыста жұмыс істеп отыр. «Мега Смарт» зауытының бас директоры Сергей Хегайдың айтуынша, қозапая экологиялық таза өнім болғандықтан, ТМД елдерінде жоғары бағаланады.

Осылайша, Мақтаралдағы зауыттан жеткізілген тақталар түрлі түстермен ламинатталып, жиһаз зауытына өтеді. Оңтүстік Корея және Италияның қондырғыларымен жұмыс жасайтын зауыт бұйымдарының сапасы жақсы, әсемдігі көз жауын алады.

438 кооператив құрылды

Оңтүстiк Қазақстан облысында 50 мың ұсақ шаруашылық мүшелерiнен құралған 438 ауыл шаруашылығы кооперативi құрылды. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Жансейiт Түймебаев әкiмдiкте өткен мәжiлiсте: «Елiмiздiң Ауыл шаруашылығы, Әлеуметтiк даму министрлiгi және Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi арасындағы «Үш жақты» индикативтi көрсеткiштер жөнiнде бекiтiлген iс-шаралар шеңберiнде ағымдағы жылға тағы да 75 ауыл шаруашылығы кооперативiн құру жоспарлануда. Сондай-ақ, бұл мақсатқа 6,8 млрд теңге бөлiнiп отыр», – дедi.

Өңiр басшысының айтуынша, фермерлердi несиелендiру үшiн «Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдаламасының екiншi бағытымен 3,2 млрд теңге,  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 1,9 млрд теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 1,3 млрд теңге бөлiнетiн болады.  Қазiргi таңда  кооперативтер жанындағы 2 сүт қабылдау, 2 мал сою бекетi  285 млн теңгеге қаржыландырылған. Одан бөлек, 9 мал сою бекетi мен 12 сүт жинау бекетiн құруға  757 млн теңгеге құжаттар дайындалып, комиссия қарауына өткiзiлген.

Айта кетейiк, кооперативтер мақсатына сәйкес iрi шаруашылық құрылымдары ретiнде бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiрiп, қайта өңдеу кәсiп­орындарына шикiзат көзiн дайындау бағыттарында жұмыс атқарады. Биыл өңiрде осы жұмыстардың есебiнен ет және сүт өнiмдерiн қайта өңдеу кәсiпорындарының орташа жүктелiмiн 60 пайыздан 70 пайызға көтеру белгiленген.

Кентауға әр кірді

Кентау қаласының әкiмi Әбдiбақыт Мақұлбаев қаланың әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi бойынша брифинг өткізді. Өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда моноқаланың еңбек көрсеткiшiнде iлгерiлеушiлiк байқалады. Мәселен, жыл басынан берi жалпы өнiм көлемi 9,8 млрд теңгенi құрап, өткен жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 27,2 пайызға артқан.

Негiзгi капиталға тартылған инвестиция көлемi 734,9 млн теңгенi құраса, жеке тартылған инвестиция 533,5 млн теңгеге жетiп, көлемi 3,6 пайызға артқан. Қытай Халық Республикасынан келген жеке инвестор «Кентау полиметалл» ЖШС-нiң жалпы құны 650,0 млн теңге тұратын полиметалл концентраттарын өндiру және өңдеу зауытын екi айда iске қосатын болса 100 адам жұмыспен қамтылмақшы. Сол сияқты бұрынғы Ащысай түстi металл зауытының жұмысын қайта жаңғырту мақсатымен «ГМК Ащысай» ЖШС-мен келiссөз жүргiзiлiп, құны 12 млн АҚШ долларын құрайтын жоба бойынша меморандум түзiлген. Егер осы өндiрiс орны жұмысын бастаса – 150, толық iске қосылғанда 450-500 адамды жұмыспен қамтымақ. Қаладағы 2 iрi, 8 орта, 10 шағын кәсiпорын ағымдағы жылдың төрт айында 8 млрд 206 млн теңгенiң өнiмiн өндiрген.

«Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламасы бойынша жалпы құны 10 млрд 115 млн теңгенi құрайтын 9 жобаны iске қосып, 869 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланған. Байылдыр мен Ащысай кен орындарындағы тау-кен қалдықтарын қайта өңдеу жұмыстары қолға алынады.

Индустриялық аймақта инфрақұрылым жүйелерi толығымен жүргiзiлiп, жоспарланған бес жобаның үшеуi ағымдағы жылы iске қосылады», – дедi қала әкімі Ә.Мақұлбаев.

Сондай-ақ, жылыжай, ауыл шаруашылығы саласында да iлгерiлеу байқалады. «Исмет ата», «Ынтымақ», «Құсшы Ата», «ES-Marya» кооперативтерiндегi 35 мал бордақылау алаңында 94 адам жұмыспен қамтылған. Өзге де көрсеткiштер бойынша атқарылған iстердi баяндаған қала әкiмi кентаулықтардың әлеуметтiк жағдайын жақсарту мақсатында жұмыстардың одан әрi жалғасын табатынын мәлiмдедi.

Астанаға аттанған құлпынай

Оңтүстікқазақстандық бағбан құлпынай алқабының әр гектарынан 2 млн табыс тауып отыр. Манкент ауылының тұрғыны «Зебо-1» шаруа қожалығының төрағасы Шавкат Хакимбаев 4 тонна құлпынайын Астанаға жөнелтті.

Бау-бақша ісімен 17 жылдан бері айналысып келе жатқан бағбан 2 гектар жерден  жылына 13-14 тоннаға жуық өнім алып келеді. Ерекше атап өтер жайт, биыл бағбан өсірген құлпынайдың дәмін  «ЭКСПО-2017»  халық­аралық көрмесіне келген қонақтар да татады. «Құлпынайға сұраныс өте жоғары болып тұр. Біз Оңтүстік Қазақстан облысының аумағынан шығып, Алматы, Астана қалаларының нарығын бағындыра бастадық. Дәл қазір 40 адамды жұмыспен қамтып отырмыз.  Құлпынайды теретін, тазалайтын адамдарға күніне қолма-қол 1700 теңге төлейміз. Ал бір келі құлпынайды 350 теңгеден сатамыз», – дейді Шавкат Хакимбаев. Ол ең әуелі өзіне тиесілі 2 гектар жерді мал аяғы баспайтындай етіп қоршап алған. Содан кейін құлпынайды суару жүйесіне ерекше көңіл бөлген. Қазір оның бақшасында су үздіксіз ағып тұрады. Құлпынай 3 күнде 1 рет суарылады. «Өнімді мол алу үшін алқаптың топырағын құнарландыруға көп көңіл бөлеміз. Құлпынайды ылғалды топыраққа егеміз, ағын судан тарықтырмаймыз.  Топырақтың ылғалдылығын сақтау үшін оған көң  төгіп отырамыз», – дейді бағбан. Оның айтуынша, құлпынай егілген алқаптың әр гектарынан 2-3 млн теңге таза табыс табуға болады. Шавкат Хакимбаев құлпынай өсіру ісіне мемлекеттен демеу қаржы бөлінсе нұр үстіне нұр болатынын айтады. «Үкімет құлпынай өсіру ісін субсидияландырса, агробизнестің дәл осы бағыты қазіргіден де күшті қарқын алар еді. Мемлекет қолдау көрсетсе кәсібімді кеңейтіп, құлпынайды 20 гектар жерге егер едім», – дейді бағбан.

Бүгінде Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылдық округінде  1200 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Олардың егістік алқабындағы құлпынай 100 гектар жерді алып жатыр. «Ауыл округіндегі барлық шаруа қожалықтары «Манкент Агро» өндірістік кооперативіне біріккен. Өзімізге тиесілі алқаптың барлығы суармалы. Шаруалар маңдай терлерінің арқасында мол табыс тауып,  өздерінің әлеуметтік жағдайларын  жақсартып жатыр», – дейді «Манкент Агро» ӨК төрағасы Батырбек Анарметов.

 

 

 

Редакция таңдауы

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...
yas

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи...
aza

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен...
13848d123a7c80477e710d035d9

«Наконец-то» Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына...

Жаңалықтар

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

«Наконец-то» Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі. Бекшин үндеуінде алматылықтардан...

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына...

Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту туралы жоспарын айтты

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, қоғамдық...

Қытай келісімдерді елемей, қазақ пойыздары қараусыз қалып жатыр

"Жүк жөнелтушілердің бастамасымен Қытайға тауарларды қабылдауға уақытша тыйым салу енгізілді", – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы (ҰК)»АҚ баспасөз қызметі. «ҚХР-мен шекарадағы бекеттерде жағдай...

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп хабарлайды  тengrinews.kz сайты. Аталған «құжатта» Ресейде тіркелген автокөлік иелеріне Қазақстан аумағында жалпы сенімхатсыз...

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН ТЫРНАУ ЕСТІНІҢ ІСІ МЕ…

Адам баласы туғанда бір-бірінен артық-кемі жоқ қызыл шақа болса да, өсе келе олардың бәрі өз бетінше өзгеріп, даралана бастайды. Өйткені уақыт ағымындағы түрлі әсерлер...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей уақытта қар жауады....

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...

«Құлағым үсіп қалды». Желіде үскірік аязда жолда қалған қарағандылықтың бейнежазбасы қызу талқылануда (видео)

Әлеуметтік желілерде үсік шалып, аяз салдарынан зардап шеккен қарағандылықтың видеосы кеңінен талқылануда. Instagram желісіндегі shock_krg парақшасына жүктелген видеода ол Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылына...

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты. Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап...

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес журналистердің оның Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап беруден мезі...

Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге «қашып кеткенін» түсіндірді

Екатеринбургтік "Оралдан" ҚПЛ-ға ауысқан Исламжан Насыров "Тұраннан" (бұрынғы "Арыс") кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады. Бәрі жақсы сияқты болған, Насыров матчтардың...

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар...

Тұрғын үй бағдарламасымен жастарға берілетін баспана құны қанша?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы берілетін баспана бағасы қанша теңгеге айналатынын айтты. «Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда...

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жарияланды. Құрметті жиынға қатысушылар! Ұлттық кеңестің қызметі әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына...

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы...

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне...

Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. «2021...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі қилы жағдайды бастан кешті. Әйткенмен қандастардың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп дүниенің төрт бұрышынан ағылған көштің...

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау...

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының фору­мында айтқан болатын. Ал 1995 жылғы...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл...

Елорданың көктемгі әуендері

Наурыз айында «Астана Опера» камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын балалар мен ересектерге арналған жарқын концерттік бағдарламалар мен керемет спектакльдер күтеді. 5 және 9...

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла: «Астана рухын» жандандыруымыз керек

24 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты. Сенат...

Қазақстан Елшісі Моңғолияның Премьер-Министрімен кездесті

Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Премьер-Министрі Лувсаннамсрай Оюун-Эрдэнэмен кездесуі өтті. Ж.Әділбаев Л.Оюун-Эрдэнэ мырзаны Премьер-Министр қызметіне тағайындалуымен және дәстүрлі Шаған мерекесімен (ай...

Рейтинг: Мемлекет тілін білмейтін министр кім?

Ranking.kz аналитикалық компаниясы қазақстандық министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады. Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал...

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған маман­дық­тар уақыт өте келе сұраныстан шы­ғып қалуы әбден мүмкін. Окс­форд университетінің ғалымдары...

Алматыда мыңнан астам ана сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне...

ДИМАШ – АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АРМАН

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы...

Түркі кеңесі елдерінің энергетика министрлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді...

Алғыс айту – ардың ісі

Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің...

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде...

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді

Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып...

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – Дана Нұржігіт

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың айтуынша, бүгінгі...

«Болашақ» бағдарламасы – келешекке жасалған көлемді инвестиция

– Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жыл­дары жалпы ха­лық­тың жағдайы жақсы бол­ды, мына сала­ның дамуына ерекше жағдай жа­салды дей ал­маймыз. Қоғам өмірінің бар­лық саласы то­қырауға ұшырады....

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені...

Мұрат Бақтиярұлы: Ашаршылықты зерттеу үшін ғалымдар мұрағатқа қол жеткізуі қажет

Ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерделеу үшін ғалымдардың отандық және шетелдік мұрағаттарға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына...

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан....

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға байланысты өмірімнің жиырмаға жуық жылын осы салаға арнаған дип­ломатия ардагері хақында, дербес...

Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде...

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның...

Президент: жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды және бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі...

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған...

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген...

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен...

Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алуы тиіс – Қ.Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. «Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны...

Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды

Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында...

Ауылда өз жұмысшыларына үй салып берген кәсіпкерлерге шығынның 50 пайызы қайтарылады – Президент

Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. «Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50...

Путин Жапаровқа Қырғызстанда орыс тілінің мәртебесін сақтаудың маңызын ескертті

Мәскеуге екі күндік жұмыс сапарымен барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Кремльдің хабарлауынша, Владимир Путин Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті қызметіне...

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейіржан Юсупов қызметінен босатылды. Үкімет басшысы сайтының мәліметінше, Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырауда дүниеге келген. Томск...

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға...