«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының ережесі

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының ережесі

«Мемлекеттік тіл және БАҚ»  республикалық байқауының  ережесі
ашық дереккөзі
464

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауын  (бұдан әрі –Байқау) жариялайды.

Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тіл    саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ және орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру.

Бұл байқауға еліміздің қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет         ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту мақсатында қазіргі мемлекеттік       тілдің ахуалы туралы өткір де өзекті мақалалар (бағдарламалар)    жариялаған жекелеген журналистер қатыса алады.

       Байқау  төрт номинациядан тұрады:

  • «Үздік мақала» (баспасөз бойынша);
  • «Үздік телеарна бағдарламасы» (телеарна бағдарламалары бойынша);
  • «Үздік радио бағдарламасы» (радио бағдарламалары бойынша);
  • «Үздік сайт мақаласы» (сайт материалдары бойынша).

Байқау 2015 жылғы 10 қаңтар мен 10 маусым аралығында қазақ және      орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдарды, эфирден өткен хабарларды, қазақ тілінде жұмыс істеп жатқан арнайы сайттарды қамтиды.

Байқау материалдары жарияланған күйінде (газет-журнал беттерінде,      бейне және аудиокассеталар түрінде) 10 маусымға дейін қабылданады.

Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды.Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, педагогика салаларының ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнердің беделді қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы 5-7 адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады.

Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық жасайды, шешім шығарады және қазылар алқасы  шығарған шешім үшін жауапты болады. Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы ресімдейді.

Қазылар алқасында сараланып, үздік деп танылған жүлдегерлердің          есімі 2015 жылғы 25 маусымда анықталады.

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес     дипломдармен,         алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен         марапатталады.

Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.

Байқауға ұсынылатын материалдар 2015 жылғы 10 маусымға дейін          мына мекенжайға поштамен жолдануы тиіс:

01000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті, «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» республикалық конкурсына.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-01, 74-05-02.


ПОЛОЖЕНИЕ

о республиканском конкурсе «Государственный язык и СМИ»

Комитет по развитию языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан (далее – Комитет) объявляет республиканский конкурс «Государственный язык и СМИ» (далее –Конкурс).

Цель конкурса: широкой пропаганды государственной языковой политики в средствах массовой информации, расширения сферы применения государственного языка в казахоязычных и русскоязычных изданиях.

В конкурсе могут принять участие журналисты, обеспечившие систематическое освещение мероприятий по развитию государственного языка, повышению его статуса, расширению сфер функционирования, публикацию актуальных материалов, способствующих воспитанию языковой культуры, формированию языковой среды.

Конкурс состоит из четырех номинаций:

- «Лучшая статья» (материал печатного издания);

- «Лучшая теле-передача»;

- «Лучшая радио-передача»;

- «Лучший материал интернет- сайта».

На конкурс могут быть представлены материалы, опубликованные в периодических печатных изданиях и вышедшие в эфир телевизионные и радиопередачи на казахском и русском языках с 10 января по 10 июня 2015  года, а также материалы интернет сайта на казахском языке.

Материалы, представленные на конкурс, будут приниматься в опубликованном виде в периодических печатных изданиях, на электронных носителях (газетные и журнальные вырезки либо сами газеты и журналы,  аудио- и видеокассеты,  скриншоты материалов интернет-сайтов).

Для оценки работы участников конкурса и определения победители и призеров создается жюри. Состав жюри предлагает Комитет. Состав жюри  формируется из числа ученых сферы языка, литературы, педагогики, представителей интелегенции, журналисты, авторитетных деятелей культуры, искусства. Численный состав жюри не должен превышать 5-7 человек. Состав жюри состоит  из председателя и членов жюри. Председатель жюри руководит ее деятельностью, принимает  и несет  ответственность за решением жюри. Секретарь по решением            жюри оформляет протокол. После отбора членами жюри лучших материалов будут определены имена победителей конкурса. Победители конкурса награждаются дипломами, благодарственными письмами и денежными премями  в соответствии по решением жюри.

Торжественная церемония состоится в городе Астана 25 июня 2015 года.

Материалы, представляемые на конкурс, должны быть отправлены до 10 июня 2015 года по следующему адресу:

010000, г. Астана, «Дом министерств», 15-подъезд, Комитет по развитию языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта РК на конкурс «Государственный язык и СМИ».

Контактные телефоны: 8(7172) 74-05-01, 74-05-02.

Серіктес жаңалықтары