Көкшетау колледжі студенттерден ақша жинап отырған

Көкшетау колледжі студенттерден ақша жинап отырған

Көкшетау колледжі студенттерден ақша жинап отырған
ашық дереккөзі
Көкшетау колледжінде студенттерден ақша жинауға қатысты дау шықты. Көкшетау колледжі студенттерден ақша жинап отырған. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Қала колледждерінің бірінде бюджет қаражатына білім алып жатқан студенттер ай сайын 10 мың теңге төлеген болып шықты. Бұл жағдайды Ақмола облысының Білім басқармасының өкілдері анықтаған. Осыған байланысты оқу орнында тексеріс өткізіледі. "Бұл колледжбен бізде техникалық мамандықтар бойынша бюджеттік орындарды орналастыру туралы келісімшарт бар. Бюджет қаржысына оқып жатқан студенттер тегін білім алуға құқылы, ешқандай қосымша қаржы төлеуге міндетті емес. Бұдан басқа амалдар заңды бұзу болып саналады", - дейді Білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов. Алайда колледж басшылығы ай сайынғы төлемдер демеушілік мақсатта болғандықтан, ақша жинаудың заңды екенін айтады. "Бюджеттен қаржы оқытушылардың еңбекақысына ғана бөлінеді. Ал коммуналдық қызметке ақшаны қайдан аламыз? Материалдық-техникалық құрылғыларға? Оқулықтарға? Білім басқармасынан бұл мемлекеттік тапсырысты алмас бұрын ата-аналарды жинап, айына 10 мың теңге беріп тұруға келісе ме деп сұрадық. Олар келісті. Келісімшарт жасастық", - дейді колледж директоры Күнсұлу Хусайнова. Сонымен бірге, колледж директоры ата-аналардың бірі қарсы болса, студент ақылы бөлімге ауыстырылатынын түсіндіре кетті. Ал Валерий Гамазов мемлекеттік тапсырыс сомасына педагогтардың еңбекақысы, коммуналдық қызмет ақысы және өзге де шығындар кіретінін айтады. Таяу уақытта Білім басқармасы колледж басшылығының әрекеті қаншалықты заңды екеніне тексеріс жүргізеді. Тексеріс қорытындысы бойынша қажетті шаралар қолданылады. "Егер ата-аналар арызданса, колледж кассасына төленген қаражаттың барлығын қайтаруы керек болады. Егер шағым болмаса, қаржы колледжде қалады және бұл қайырымдылық ретінде қабылданады. Бірақ мұны тоқтататынымыз және алда болдырмайтыныз анық", - дейді Білім басқармасының өкілі. Сонымен қатар, облыс ораталығындағы мемлекеттік тапсырыс алған жекеменшік колледждерге де тексеріс жүргізіледі.