Арзан көлік әперемін деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды

Арзан көлік әперемін деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды

Арзан көлік әперемін деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда арзан көлік әперемін деп жұртты алдаған алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды КТК арнасы. Арзанға жүгіремін деп тақырға отырды! Алматыда бір топ адам алаяқтың арбауына түскен. Банкте кепілде тұрған көліктерді төмен бағаға алып беруге уәде етіп, жұртқа жер сипатып кеткен пысықай ақыры қолға түсті. Кінәсін мойындамай тұрған Қайрат Бекарыстанов бастапқыда 2-3 адамға көлік алып беріп, әбден сенімге кірген. Осыдан кейін, клиенттері күрт көбейіпті. Тіпті, аңқау жұрт оның қолына бірнеше машинаның ақшасын ұстата салған. Кейбірі 8 миллионға шығынға батып отыр. Әбден машықтанған алаяқ жылмысқы әрекетін 3 жылдан бері жүзеге асырып келіпті. Өзі бұған дейін де осындай әрекеті үшін түрмеде отырып шыққан екен. Бірақ, босай сала баяғы әніне қайта басқан. «Бұл кісінің мүмкіндіктері жоқ. Банктермен қарым-қатынасы да жоқ. Оның барлық айтқан әңгімесі жалған болып шықты. Сондықтан да ол уақытша оқшаулау абақтысына қамалып, тергеу үстінде», – деді  Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.