«Ой-сана» орыс тілі білгірлері VIІ республикалық байқауы

«Ой-сана» орыс тілі білгірлері VIІ республикалық байқауы

«Ой-сана» орыс тілі білгірлері VIІ республикалық байқауы
ашық дереккөзі
1542

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) қазақ тілінде оқитын жастар арасында «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің VIІ республикалық байқауын (бұдан әрі - Байқау) жариялайды.

Байқаудың мақсаты: Қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілін таныту және оны оқуға ынталандыру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, риторикалық дағдыларды, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру. «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің байқауы 2 кезеңде өтеді: I кезең – өңірлік, ол 2015 жылғы 02 наурыз - 16 тамыз аралығында облыстарда және Астана, Алматы қалаларында өткізіледі. II кезең – республикалық, 2015 жылғы 11 қыркүйекте Астана қаласында өтеді. Байқаудың бірінші кезеңін өткізу шарттары: - бірінші аталым: тыңдалым, орыс тілінің лексикасы мен грамматикасын білуге арналған 60 тест тапсырмасы. Тест тапсырмасын орындау уақыты – 40 минут. - екінші аталым: жазбаша бөліктен және викториналық сұрақтан тұрады: а) жазбаша бөлігі: ұсынылған үш тақырыптың біреуіне эссе жазу, эссенің көлемі: 1,5 - 3бет, тапсырманы орындау уақыты – 30 минут; б) викториналық сұрақтарға (25 сұрақ) жазбаша жауап беру. - үшінші аталым: кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқу (үй тапсырмасы). Байқаудың екінші кезеңін өткізу шарттары: – бірінші аталым: жаңылтпаштарды өте шапшаң, әрі анық айту (билеттік жүйе); – екінші аталым: жазбаша және ауызша бөліктен тұрады: а) жазбаша бөлігі: орыс тілінде эссе жазу (тақырыптар билет арқылы ұсынылады). Эссенің соңғы парағында мынадай ақпарат қамтылуы тиіс: аты, тегі, туған жылы, тұратын жері, оқу орнының атауы, мекенжайы, эссенің көлемі: 1,5-2 бет, тапсырманы орындау уақыты – 35 минут; б) ауызша бөлігі: ұсынған тапсырма бойынша қатысушылар жұппен диалог құрады (билет алу арқылы), ұзақтығы 3-5 мин; – үшінші аталым: «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы: орыс халық әндерін немесе заманауи әндерді орындау (үй тапсырмасы), орындау уақыты – 3-5 минуттан аспауы тиіс немесе заманауи театрландырылған интерпретациядағы көркем шығарма үзіндісінен қойылым (пьеса, ертегі, т.б.), орындау уақыты 3-5 минуттан аспауы тиіс. фБайқауға қатысушы орындалатын музыкалық нөмірінің сүйемелдеуін таңдап, оны электронды тасымалдағышта немесе CD-дискіге жазып алып келуді қамтамасыз етеді. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: - Байқауға жоғарғы оқу орындарында, жалпы білім беру мекемелерінде, орта және орта арнаулы оқу орындарында қазақ тілінде білім алатын 16-22 жас аралығындағы жастар шақырылады. - Байқау орыс тілінде өткізіледі. - Өңірлік конкурс комиссиясы республикалық кезеңге қатысуға бір үміткер жібереді. - Байқауға мамандандырылған мектептердің (дарынды балаларға арналған), лингвистикалық оқу орындарының оқушылары, сонымен қатар орыс тілінде оқитын жоғарғы оқу орындарының, жалпы білім және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, алдыңғы байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатыстырылмайды. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, педагогика салаларының ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнердің беделді қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы 5-7 адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық жасайды, шешім шығарады және қазылар алқасы шығарған шешім үшін жауапты болады. Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы ресімдейді. Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8-үй, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті. Байланыс телефондары: 8(7172) 74-04-56, 74-05-10, 74-05-09 (тел/факс).


ПОЛОЖЕНИЕ

VIІ республиканского конкурса знатоков русской словесности

 «Ой-сана»

Комитет по развитию языков и общественно – политической работы Министерства культуры и спорта (далее – Комитет) объявляет VIІ республиканский конкурс знатоков  русской словесности «Ой –сана» (далее Конкурс) cреди  молодежи, обучающейся на казахском языке. Цель конкурса: популяризация русского языка среди молодежи, обучающейся на казахском языке и стимулирование мотивации к его изучению, поддержка и выявление одаренной молодежи, владеющей русским языком, развитие риторических умений, повышение уровня речевой культуры. Республиканский конкурс знатоков русской словесности  «Ой –сана»  проводится  в  2 этапа. I этап - региональный и г. г. Алматы, Астана проводится с 02 марта –по 16 августа  2015года. II этап-республиканский, состоится 11 сентября 2015 года, в    г. Астане.  Условия проведения первого этапа конкурса: - первая номинация:участники выполняют тестовое задание из          60 заданий (аудирование, лексики и грамматика русского языка). Время для выполнения тестового задания - 40 мин; - вторая номинация: состоит из письменной части и  викторины: а) письменная часть: написать эссе  на одну из трех предложенных тем. Объем эссе: 1.5-3 стр. Время на выполнение задания -30 минут. б) викторина: участники отвечают письменно на вопросы викторины (из 25 вопросов) . -третья номинация: выразительное чтение текста любого жанра  (домашнее задание). Условия проведения второго этапа конкурса: первая  номинация: произнести скороговорки с максимальным темпом и чистотой (билетная система). – вторая  номинация:состоит из письменной и устной части: а) написать эссе на русском языке (билетная система). Последняя страница эссе должна содержать следующую информацию: имя, фамилия, дата рождения, место проживания, название учебного заведения. Объем эссе: 1,5-2 стр. Время на выполнение задания - 35 минут. б) устная часть: участники в парах строят диалог, на заданные темы (билетная система). Продолжительность не более 3-5 мин. - третья номинация:творческое задание «Шабыт жұлдызы» (Звезда вдохновения): состоит из исполнения русской народной или современной песни (домашнее задание). Время на исполнение не более 3-5 минут или инсценировки отрывка художественного произведения на русском языке в современной театрализованной интерпретации (пьеса, сказкаи др.). Время выступления: не более 3 - 5 минут. Конкурсант выбирает и обеспечивает профессиональную запись музыкального сопровождения исполняемого номера на Flash-диск или CD-диск. Условия участия в конкурсе:  - к участию в конкурсе приглашается молодежь, обучающаюся в вузах, общеобразовательных средних и средне специальных учебных заведених с казахским языком обучения в возрасте 16-22 лет. - язык проведения конкурса – русский. - региональные конкурсные комиссии направляют для участия в республиканском этапе конкурса одного кандидата. - не допускаются к участию в конкурсе учащиеся специализированных (для одаренных детей), лингвистических учебных заведений, а также студенты вузов и учащиеся общеобразовательных средних и средне специальных учебных заведений с русским языком обучения,   победители и призеры предыдущих конкурсов. Для оценки работы участников конкурса и определения победители и призеров создается жюри. Состав жюри предлагает Комитет. Состав жюри  формируется из числа ученых сферы языка, литературы, педагогики, представителей интелегенции, авторитетных деятелей культуры, искусства. Численный состав жюри не должен превышать 5-7 человек. Состав жюри состоит  из председателя и членов жюри. Председатель жюри руководит ее деятельностью, принимает и несет ответственность за решением жюри. Секретарь по решением жюри оформляет протокол. Победители и призеры республиканского тура конкурса награждаются дипломами, благодарственными письмами и денежными призами в соответствии по решением жюри. Наш адрес: г. Астана, ул. Орынбор 8, подъезд 15, Комитет по развитию языков и общественно-политической работы Министерства культуры и спорта РК.  Контактные телефоны: 8(7172)74-05-10, 74-04-56 (74-05-09)

Серіктес жаңалықтары