ЭКСПО-ға 6 күн қалды

ЭКСПО-ға 6 күн қалды

ЭКСПО-ға 6 күн қалды
ашық дереккөзі
Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының департамент басшылары БАҚ өкілдері алдында халықаралық көрмеге дайындықтың соңғы кезеңі жайында егжей-тегжейлі есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «АстанаЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов өз сөзінде көрменің ашылуына тура бір аптадай уақыт қалғандығын еске салып өтті. Оның айтуынша, барлық нысандар көрмеге дайын. Дегенмен, көрме аумағын абаттандыруға қатысты бірен-саран жұмыстар ғана қалып отыр. https://www.youtube.com/watch?v=uO_xaJD1bn4 «Соңғы бірнеше апта бойы біз көптеген оқу-жаттығу өткізіп, төтенше жағдайларға дайындық жүргіздік. Бүгінгі негізгі дайындық барысына көрменің бүкіл аумағы жұмылдырылады. Атап өтерлігі, 10 маусымға дейін көрме аумағы келушілер үшін жабық болады», - деді ол. Коммерцияландыру департаментінің директоры Дәурен Еркімбеков бүгін ұлттық компания мен мердігер ұйымдардыңқызметкерлері шақырылғандығын, оларға тегін билеттер турникет жүйесін тексеру үшін берілгендігін айтты. Халықаралық қатысушылармен жұмыс департаментінің директоры Ілия Оразақов халықаралық қатысушылардың 126 мың шаршы метр павильоны толық дайын екендігін атап өтті.