Көліктерге VIP-нөмірлер сатудан қанша ақша түсті

Көліктерге VIP-нөмірлер сатудан қанша ақша түсті

Көліктерге VIP-нөмірлер сатудан қанша ақша түсті
ашық дереккөзі
Бүгін қоғамдық кеңестің алдында есеп берген ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев VIP-нөмірлерден түскен ақшаның сомасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Министрдің айтуынша, "электронды үкімет" порталы арқылы миллиондаған мемлекеттік қызмет көрсетілді. Алдағы уақытта композиттік (бір қызметтің ішінде бірнеше қызмет - авт.) және проактивті (белгілі бір қызметті алу қажеттігі жайында алдын ала ескерту - авт.) қызметтерді дамыту жұмысына басымдық берілмекші. "Көлік жүргізушілеріне арналған мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары да жақсы жұмыс істеп келеді. Өткен жылы аталған орталықтар 1,8 миллион рет қызмет көрсетті. Ал жоғары сұранысы бар мемлекеттік тіркеу нөмірлерін сатудың нәтижесінде бюджетке 1,2 миллиард теңге түсті", - дейді Абаев. Бұдан бөлек, пошта арқылы құжат жеткізу жүйесі қолға алынды. Ал мобильді топтар шалғай жерлерге барып, тиісті құжаттарға тапсырыс алып жүреді. "Әрине, біз әрбір ауданда Халыққа қызмет көрсету орталығын аша алмаймыз. Алайда кең жолақты интернетті әрбір ауылға жеткізудің нәтижесінде жергілікті xалық үйден шықпай-ақ, өзіне қажетті құжатқа өзі тапсырыс беріп, оны поштамен алдырта алады", - деп атап көрсетті министр.