Жаназа шығару мен жерлеу рәсімі бір ізге түсірілмек

Жаназа шығару мен жерлеу рәсімі бір ізге түсірілмек

Жаназа шығару мен жерлеу рәсімі бір ізге түсірілмек
ашық дереккөзі
Елімізде мұсылмандардың жаназасын шығару мен жерлеу рәсімі бір ізге түсірілмек, – деп хабарлайды Астана арнасы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы уақыт өткен сайын өзгеріске ұшырап отыратын жөн-жоралғыларды еліміздің барлық аймақтарында белгілі бір тәртіпке сай атқару мақсатында арнайы кітап шығарды. Аталған кітап 11 мың таралыммен жарық көріп отыр. Бүгінгі уақытта Қазақстанда 2 мыңнан астам мешіт бар. Енді сол мешіттердің барлығы діни рәсімдерді атқаруда кездесетін қарама-қайшылықтарды болдырмай, шариғат үкімдеріне сай өткізуді өз міндеттеріне алып, аталған тәртіпті өз аймақтарында енгізеді. Қайтыс болған адамның атынан берілетін садақа, дастархан жаюда ысырапқа жол беру, бейіт басына күмбездеп белгі қою сияқты жоралғыларға қатысты шағымдар бар. Діни басқарма осы талаптарды ескере отырып, жинақты үш жыл бойы құрастырған. «Барлық өңірлерге, имамдарға тарқаталытан болады. Дінге жанашыр ақсақалдарға беріледі. Сол арқылы халыққа жәрлеу рәсімдері түсіндіріледі. Бірақ бір күнде жүзеге аспайды, уақыт өте бір қалыпқа келтіреміз деген ойымыз бар», – дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.