«Евровидение-2017»: букмекерлер қателесті

«Евровидение-2017»: букмекерлер қателесті

«Евровидение-2017»: букмекерлер қателесті
ашық дереккөзі
«Евровидение-2017» халықаралық байқауы мәресіне жетті. Дода жеңімпазы -  португалиялық Сальвадор Собрал.  Ақтық сайыста 9 және 11 мамыр күндері Киевте өткен екі жартылайфиналдық кезеңдерден сүрінбей өткен 20 әнші, сондай-ақ «Евровидение»-нің негізгі бес спонсор елі - Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Италияның және байқауды қабылдаушы ел - Украинаның өкілдері бақ сынаған еді. Букмекерлер бірінші орынды финалға автоматты түрде өткен италиялық Франческо Габбани иеленетіндігін болжаған еді. Олардың пайымынша, екінші орынды Португалия әншісі Сальвадор Собрал, ал үшінші орынды 17 жастағы болгарлық Кристиан Костов алуы тиіс болатын. Қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша бірінші орынды Португалия өкілі Сальвадор Собрал жеңіп алды - 758 дауыс. Екінші орын Кристиан Костовқа бұйырды - 615 дауыс. Үшінші орынға Молдовадан келген SunStroke Project тобы лайық деп табылды - 374 дауыс. Айта кетейік, «Евровидение-2018» байқауы жеңімпаз мемлекет -  Португалияда өтпек.