Ең қиыны - дайын өнімді өткізу

Ең қиыны - дайын өнімді өткізу

Ең қиыны - дайын өнімді өткізу
ашық дереккөзі
235
Былтыр Агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) 2017-2021 жылдарға арналған даму бағдарламасы қабылданды. ҚР бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов Қазақстан Республикасында АӨК-ні дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын таныстырғанда, бағдарламаның негізгі міндеттерін атап берген болатын. Бағдарлама негізінде мал шаруашылығының тиімділігін 58 пайызағ арттыру көзделген. Өсімдік шаруашылығын 40 пайызға арттырып, тауарлы өндіріске 670 мың ұсақ өдіруші тарту және өнімдерді өткізу мен өңдеудің жүйесін құру қарастырылып отыр. Ол үшін ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту, Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қамту алға қойылып отыр. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдау көрсету, қолдаудың қолжетімділігін қамтамсыз ету, экспорттық саясатты іске асыру және органилық өнімнің қазақстандық брендін жылжыту, 600 мың га астам суармалы жерді айналымға тарту, АӨК-ні мемлекеттік реттеуді жетілдіру жүзеге асырылады.  width= Негізінен, агроөнеркәсіптік кешенді құру қиындық туғызбас. Тіпті кооперативке біріктіру, шаруалардың істі бастауы да уақыт алмас. Ең қиыны, дайын өнімді өткізу, нарыққа шығару, бәсекеге қабілетті ету. Өкінішке қарай, қарапайым шаруалардың, әсіресе ауылды елді мекендерде тұратын жеке кәсіпкерлердің тауарын сатып, маркетингпен айналысатын мүмкіндігі жоқ. Осы орайжа Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қамту мәселесінің көтеріліп отырғаны орынды. Мысалы, Алматы облысының Шелек ауданыда бірқатар шаруа қожалықтары бар. Олар көбінесе қызанақ, қияр, бұрыш өсірумен айналысады. Кейбірі субсидия алып, жылыжай да салған. Ең өкініштісі, өнімді өткізе алмай қиналады. Төгілген тер, жұмсалған еңбектің өнімі шіріп кетеді, кемінде тас жолдың бойына шығарып, өзіндік құнынан анағұрлым төмен бағаға сатуға мәжбүр. Міне, осындай жайттарды болдырмас үшін ет, сүт, өсімдік қабылдау пункттерін ашудың маңызы зор. Ол үшін мал шаруашылығы саласында шаруаларды мал азығымен қамтамасыз ету қажет. Осыған орай, елдік азықтық теңгерім әзірленіп, енгізілетін болады, азықтық дақылдардың алаңдары ұлғайтылады, сондай-ақ құрама жемді өндіру және тұтыну ынталандырылады. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау көрсету арқылы асыл тұқымды жануарлардың үлесін жоғарылату бойынша шаралар қабылданатын болады. Ал өсімдік шаруашылығы саласында ауыл шаруашылық дақылдарын әртараптандыру бойынша жұмыс жалғасады. Мәселен, бидай алқаптарының бір бөлігі аса сұранысқа ие дақылдармен (майлы дақылдар, арпа, жемдік жүгері, қант қызылшасы, азықтық дақылдар) алмастырылатын болады, суармалы жерлер көлемі кеңейтіледі. Сонымен қатар АӨК-ні инфрақұрымдылық қамтамасыз ету үшін өнімді өткізу бойынша ауылдық кооперативтер құруды ынталандыру, ауыл тұрғындарына несие беру және оларға сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ қаржылық құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар іске асырылатын болады. Ал «Қазагро» холдингінің қызмет аясы қысқартылып, еншілес ұйымдарыынң үшеуі жабылады деген болатын Қайрат Айтуғанов. Ал «ҚазАгро» Холдингі ағымдағы жылы ауылшаруашылық кооперативтерін екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру бағдарламасын жалғастырады. Егер, 2015 жылы қаржыландыру екі кооперативтен басталса, 2016 жылы 10 кооператив қаржыландырылған, ал биылғы жылы 12 кооператив қаржыландыруға өтініш жасады. Биыл да Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға келісім-шарттар жасасу арқылы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуді ынталандыруын жалғастырады.Сөйтіп, тауар өндірушілердің өнімдерін кепілдікпен өткізуді жүзеге асырмақ.

Серіктес жаңалықтары