Талғардағы оқиға кезінде жарақат алған кішкентай қызға ота жасалып, тілі сегіз тұсынан тігілді. Бұл туралы адвокат Гаухар Сариева Instagram парақшасында хабарлады.
«Балаға операция жасалды, дәрігерлер тіліне сегіз тігіс салды. Қылмыскер бүлдіршінмен бірге көлік апатына ұшырағанда, жарақаттар сол кезде болған. Ол қызға қол көтерген жоқ. Қыздың тірі қалғаны – үлкен бақыт, ол қандайда бір тылсымның күшімен аман қалды», – деп жазды Сариева.
Адвокаттың айтуынша, бүлдіршіннің анасы – медбике. Қиын сәтте ол көршісінің үйінде болып, онкологиялық науқасқа дәрі тамшылатып жатқан.
«Ол үйде болмағанына шүкір. Егер қылмыскер оны сол жерде көргенде, не боларын елестетудің өзі қиын», – деді Сариева.