Қарағандыда «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық байқауы өтеді

/
Қарағандыда «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық байқауы өтеді
Фото: дереккөз

Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай қазақ тілі мұғалімдерінің форумы өтті. Форум аясында жаңа заманға сай қазақ тілін оқыту әдістері, мемлекеттік тілде сөйлеуге қажеттілік қалыптастыру жолдары, жасанды интеллект пен ІТ жобалардың тіл үйретудегі рөлі талқыланды.

Сондай-ақ Форум барысында Қарағанды облысы аумағында мектеп оқушылары арасында өтетін «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық байқауы таныстырылды. Байқауға қатысушылар «Бөгенбай батыр» жырын (Тастыбай Жағыпарұлы нұсқасы) жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, географиялық жер-су атауларын ажыратып, жас ерекшеліктеріне сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді.

Байқау өскелең ұрпақты халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу мақсатында AMANAT партиясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Ұйымдастыру комитеті – «AMANAT MEDIA GROUP» Холдингі мен жергілікті атқарушы органдар (Тілдерді дамыту және Білім басқармасы).

Жобаны қолдаушылар – «AMANAT» партиясы, Қарағанды облысының әкімдігі.

Байқау 2 кезеңнен тұрады: 

І кезең - аудандық/қалалық; 
ІІ кезең - облыстық.

Байқаудың аудандық/қалалық кезеңінде 1, 2, 3 орын алған жеңімпаздар дайындаған мұғалімдерімен бірге облыстық кезеңге жолдама алады. 

Жеңімпаз оқушылар ақшалай сыйақымен марапатталады:
І орын – 150 000 теңге;
ІІ орын – 100 000 теңге;
ІІІ орын – 70 000 теңге;

Байқаудың облыстық кезеңінде жеңімпаз атанғандарға төмендегідей ақшалай жүлде қоры бекітілді:

Оқушылар үшін:
І орын – 1 000 000 теңге және демеуші тарапынан Қарағандыдағы жоғары оқу орнының біріне грант;

ІІ орын – 500 000 теңге;

ІІІ орын – 250 000 теңге.

Ұстаздар үшін:

І орын – 1 000 000 теңге және демеуші тарапынан жеңіл автокөлік;

ІІ орын – 500 000 теңге;

ІІІ орын – 250 000 теңге.

Байқау Ережесі мен жырдың толық нұсқасы qazaqepos.com сайтында жарияланды. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары