Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліп қалды.
Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
ҚР ҰОК мәліметінше, Надежда Рябец бұл кезеңде қытайлық Лина Уангпен жұдырықтасты. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша Қытай елінің өкілі төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.