Ауыл шаруашылығы кооперациясы деген не?

Ауыл шаруашылығы кооперациясы деген не?

Ауыл шаруашылығы кооперациясы деген не?
ашық дереккөзі
1431
90 жылдардың басында кооператив құрылады екен деп көпшілік гу-гулесті. Ұжымға бірігіп егін салып, кәсіппен айналысу идеясы дүйім жұртқа үміт сыйлағандай болды. Өкінішке қарай, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тоқырау, қаржылық дағдарыс кооперативтердің дамуына кедергі болды, құлдырап, жойылып кетуге әкеп соқтырды. Осы идеяны одан әрі дамыту мақсатында «Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» заң қабылданғаны белгілі. Осыдан кейін ауылды елді мекендерде кооперацияның пайдасы мен жеңілдіктері туралы түсіндіру жұмыстары басталды. Атап айтқанда, мемлекеттік қолдаудың түрлері, қаржыландыру шаралары, кооперативке бірігудің артықшылықтары туралы кеңінен мағлұмат берілді. Жеке шаруа қожалығын құрып, істі дөңгелетіп әкету оңай емес. Сондықтан бірлесіп, бір үжымға бірігу арқылы мемлекет тарапынан берілетін көмекке қол жеткізуге болады. Атап айтқанда, шағын түрдегі шаруашылықті жүргізуде өнімді өткізуге кепілдік жоқ, алынған өнімді жеткізу мен нарыққа шығару, шығынын ақтау, техникалық жабдықтардың жетіспеушілігі сияқты түйткілдер көп. Осы ретте ауылшаруашылық кооперативтеріне біругу осы мәселелерді оңай шешпек. Өнімді өткізу, бірлесе ұйымдастыру, құжат рәсімдеу, субсидия алу, мемлекеттік қолдауға қол жеткізу сияқты шараларды ұйымдастыруда пайдасы зор болмақ.  width= Қазіргі таңда осындай кооперациялардың арқасында бірқатар өңірлердің ауыл шаруашылығы жанданып келеді. Атап айтсақ, Қарағанда облысында қазіргі уақытта 92 мың жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) бар. Олар сүттің барлық көлемінің 79,8 пайызын, сиыр етінің 74,5 пайызын, көкөністің 46 пайызын өндіреді. Жалпы республика бойынша 1,5 миллионнан астам ЖҚШ жұмыс істейді, олардың өндіріске үлестік салымы мынадай: ет 62 пайызды, сүт 80 пайызды құрайды. АШМ тұжырымдылық ұсынысы ЖҚШ және шағын шаруа қожалықтарының, фермерлік шаруашылықтардың өндірістің және ауылдағы өмір сүру деңгейінің қозғаушы күші ретіндегі әлеуетін пайдалану үшін кооперацияны көлемді дамытудан тұрады. 2016 жылы 15 мың жеке қосалқы шаруашылықты қамтыған 157 кооператив құрылды. Олардың базасында жүзден астам сүт қабылдау пункті мен жеті мыңнан астам отбасылық бордақылау алаңы ұйымдастырылды. Жоспар бойынша, ағымдағы жылы құрылатын кооперативтер саны екі есе артады. Осылайша алдағы бес жылда кооперативтер көрсететін қызметтермен жарты миллион жеке қосалқы шаруашылық пен ұсақ шаруашылық қамтылатын болады.

Серіктес жаңалықтары