Сарыағаш ауданы прокуратурасының бастамасымен аудандық полиция басқармасы және жеке сот орындаушыларының қатысуында «Борышкер» жедел-профилактикалық рейдтік іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Рейдтік іс-шара аясында мемлекет пайдасына өндірілетін әкімшілік айыппұлдар мен салық берешектерін өндіру, сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді және олардың көлік құралдарын анықтау бағытында жұмыстар жүргізіліп, заң талаптары түсіндірілді.
Іс-шара барысында мемлекет пайдасына 1,5 млн теңге және 1 млн теңге көлемінде алимент берешегі өндірілді.
Аудан прокуратурасы аталған бағыттағы рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.
Құрметті азаматтар, берешектеріңізді уақытылы өтеп, заң талаптарын сақтауға шақырамыз.