Ауа-райына байланысты Ақмола облысының жүргізушілеріне ескерту жасалды

/
Ауа-райына байланысты Ақмола облысының жүргізушілеріне ескерту жасалды
istockphoto.com

Бүгін Астана қаласы мен Ақмола облысында жаңбыр жауып, ауа температурасы нөлден жоғары болып тұр. Алайда кешке қарай күн суытып, жол бетінде мұз қатуы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдарға шығатын жүргізушілерді барынша сақ болуға шақырады.

Жүргізушілерге кеңес:

Көлігіңізге қысқы дөңгелек орнатылмаса, қала сыртына шықпаңыз.

Жол жағдайына қарай жылдамдықты төмендетіп, қауіпсіз арақашықтық сақтаңыз.

Күрт тежелуден, жолақты оқыс ауыстырудан және орынсыз басып озудан аулақ болыңыз.

Жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен бағыттағы жол жағдайын тексеріңіз.

Әсіресе көпірлерде, жол өткелдерінде, өрлер мен еңістерде сақ болыңыз. Бұл тұстарда мұз қату қаупі жоғары.

Күндіз ауа температурасы нөлден жоғары болғанымен, кешке қарай жол тайғақ болуы мүмкін. Өзіңіздің және өзге адамдардың өміріне қауіп төндірмеңіз.

Республикалық автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары