Астанадағы Abu-Dhabi Plaza орталығында өрт шықты

/
Астанадағы Abu-Dhabi Plaza орталығында өрт шықты
видеодан скриншот

Өрт Есіл ауданындағы Сығанақ көшесінде орналасқан Abu-Dhabi Plaza сауда орталығының бірінші қабатында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері оқиға орнына жеті минут ішінде жеткен. Өртті сөндіру үшін арнайы өрт сөндіру оқпандары қолданылған.

«Нысан әкімшілігі келушілерді эвакуациялауды ұйымдастырды. Өрт 2 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады ведомство.

Алдын ала мәлімет бойынша, фритюрницаның ішіндегі май тұтанған. Осыдан кейін автоматты өрт сөндіру жүйесі іске қосылған.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары