Қарағандыда 700-ден астам теміржол күзетшісіне еңбекақы төленбеген

/
Қарағандыда 700-ден астам теміржол күзетшісіне еңбекақы төленбеген
Istockphoto

Қарағанды өңірлік көлік прокуратурасы теміржол күзетінің 700-ден астам қызметкерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Қарағанды филиалының қызметкерлеріне ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту уақыты үшін еңбекақы төленбегені анықталды.

Прокуратураның араласуынан кейін наразылық қанағаттандырылып, кәсіпорынның ішкі (жергілікті) актілеріне тиісті өзгерістер енгізілді.

Нәтижесінде жұмысшыларға бұрын төленбей келген медициналық тексеру уақыты үшін 5 млн теңгеден астам қаражат төленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар