Ақтауда полиция қызметкері ер адамды құтқарып қалды

/
Ақтауда полиция қызметкері ер адамды құтқарып қалды
polisia.kz

Ақтау қаласында полиция қызметкері суға батып кету қаупіне ұшыраған ер адамға дер кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

23 қазан күні сағат 18:54 шамасында Ақтау қаласы 14 шағын аудан маңында полиция қызметкерлері суда көмекке мұқтаж ер адамды байқайды.

Патрульдік полиция батальоны 4-рота 1-взводының қызмет инспекторы Исатай Боранбаев оқиғаға дереу әрекет етіп, ер адамды құтқаруға кірісті.

Полицейдің жедел әрі батыл әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алып, адам өмірін сақтап қалу мүмкін болды. Қызметкердің дер кезінде қабылдаған шешімі, батылдығы мен бейжай қарамауы адам өмірін аман алып қалуға септігін тигізді.

Бұл оқиға полиция қызметі тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен шектелмейтінін, сонымен қатар қиын жағдайға тап болған адамдарға кез келген сәтте көмек көрсетуге дайын болу екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Полиция азаматтарды су айдындары маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары