Сот қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын бюджетке өндіріп алды

/
Сот қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын бюджетке өндіріп алды
istockphoto.com

Прокуратураның наразылықтары бойынша кассациялық сот екі іс бойынша заңсыз алынған қаражатты мемлекет кірісіне айналдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін 2 млн теңге пара алған  адамдар тобы сотталған. Үкімде бұл қаражаттың тағдыры туралы мәселе шешілмеген болатын, прокуратураның наразылығы бойынша кассациялық саты көрсетілген соманы мемлекет кірісіне айналдырды.

Басқа іс бойынша ер адам азаматты пара беруге көндіріп, алдау жолымен 2 млн теңге алған. Бастапқы шешімде бұл ақшаның тағдыры шешілмей қалған. Прокуратураның наразылығынан кейін кассациялық сот сот актісін өзгертіп, қаражатты бюджетке өндіріп алды.

Заңнамаға сәйкес қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлік мемлекет кірісіне айналдырылуға жатады. Прокуратураның қабылдаған шараларының арқасында заң бұзушылықтар жойылып, заңсыз алынған қаражат бюджетті толықтырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары