Жезқазғанда ойын-сауық орталығының әкімшісі отшашу атқаны үшін жауапқа тартылды

/
Жезқазғанда ойын-сауық орталығының әкімшісі отшашу атқаны үшін жауапқа тартылды
istockphoto

14 қараша күні сағат 20:00 шамасында Жезқазған қаласында учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсету аумағын аралау кезінде балалар ойын-сауық залының алдында пиротехникалық бұйымдардың қолданылғанын анықтады.

Тексеру барысында отшашуды аталған мекеменің әкімшісі ұйымдастырғаны белгілі болды. Осы дерек бойынша ол заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және айналасындағылардың тыныштығын құрметтеуге шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары