Астанада жеке тұрғын үй өртенді

/
Астанада жеке тұрғын үй өртенді
Видеодан скриншот

Түнде Астананың Сарыарқа ауданындағы Талапкер көшесінде жеке тұрғын үйдің шатыры өртенді. Елордалық құтқарушылар жеке тұрғын үйді шарпыған өртті сөндірді, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері жіберілген.

"Жеткен бойда қызметкерлер өртті сөндіруге кірісіп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдады.

100 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салып, азаматтарды өртке әкелуі мүмкін кемшіліктерді дер кезінде жоюға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары