Биржада доллар бағасы едәуір көтерілді

/
Биржада доллар бағасы едәуір көтерілді
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 454,14 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,93 теңгеге жоғары, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 15 қазанға белгілеген ресми доллар бағамы 450,62 теңгені құрайды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 453,35 теңге, ал сату бағамы 455,4 теңге болып отыр.

Астананың айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 450,97 теңгеден сатып алынып, 457,97 теңгеден сатылуда. Ал Шымкентте долларды сатып алу бағамы орта есеппен 453,98 теңге, сату бағамы 456,11 теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, 5 қазандағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 6,62 теңгеге өскен. 6 қазанда 1,71 теңгеге, 7 қазанда 5,6 теңгеге төмендеген. 8 қазанда 1,73 теңгеге, 9 қазанда 4,06 теңгеге өскен.

12 қазанда доллар бағамы 2,65 теңгеге, 13 қазанда 2,68 теңгеге төмендесе, 14 қазанда 2,14 теңгеге қайта көтерілген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары