Бөрлі аудандық полициясы жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын зерделеу барысында дәріхананың есігін сындырған ер адамды анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ер адам Ақсай қаласындағы дәріхана есігінің әйнегін қоқыс жәшігімен ұрғылап, сындырып кеткен.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, құқық бұзушыны ұстады. Ол алкогольдік масаң күйде болған Ақсай қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және өзгенің мүлкіне ұқыпты қарауға шақырады. Бөтеннің мүлкін бүлдіру заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.